МАСҚАРА!!!
9 сөзде пәленбай қате! Бұл не сұмдық?! Әлеуметтік желілердің сауаттылығымызға соншалықты әсер етіп кеткені ме? Бүгін мына суретті көріп жағамды ұстадым. Құдай-ау қашан көрдіңіздер қазақта "МӘҢГИ" деген сөздің болғанын? Мынаны жазған адамның өзі мәңгі-ау шамасы... Мен қарсымын қасиетті қазақ тіліміздің мұншалықты шұбарланғанына! Қазір, Аллаға шүкір, бәрімізде де смартфон ғой, қазақша әріптері бар. Сондықтан ұрпағымыз қазақша сөздердің қалай жазылатынын түгелдей ұмытып, толық сауатсыз болып қалмасын десеңіздер әлеуметтік желілерде қазақша сөздерді қазақ әріптерімен жазыңыздаршы...