Адам баласы жер бетіне шыр етіп түскен сәттен бастап-ақ өнерге, өлеңге ғашық болатыны жасырын емес. Сол өнердің жолында жан құрбан болуға да дайын тұратын сәттеріде болатыны белгілі. Әннің есері де, естісіде бар демекші Қазақ халқыда ежелден өнерге, әнге құмар халық. Әу демейтін қазақ жоқ деп бекер айтпаса керек-ті. Қазіргі қазақ эстрадасында ән салып, өнер көрсетіп жүрген топтар жетерлік. Солардың ішіндегі өнерге тыңнан сүрлеу салғаны 91-тобы. Яғни Ninety One. Ерболат Беделхан продюсерлік ететін бұл топ көпшілікке ұнай қоймасада, жастарға ерекше ұнап, бұл топқа жанкүйер болып, әр әнін бірге қосыла шырқайтын жастардың қатары артпаса әсте кеміген емес. Қазақ еліне ғана емес алыс-жақын шетелгеде танылып үлгерген топтың қадамы сәтті басталып келеді демеске ләм-мим артық сөз жоқ. Бастауын АҚШ-тан алып, кейіннен Оңтүстік Корея жастары арасында ерекше дамыған Q-POP жанрын біздің елге ең алғашқы болып әкелген Орда тобының көшбасшысы Ерболат Беделхан болатын. Алғашында жігіттерге биден дәріс беріп, кейіннен осы Ninety One –деп аталатын топ құрып, оған продюсерлік етіп келеді. Топтың сыртқы келбеті түгелдей өзгеріске ұшырап, сынның астында қалсада, өнерін дамытып әсте тұралап қалған емес. Сырты кәріске ұқсасада ішкі дүниесі қазақ екені даусыз. 91-дің “Айыптама”, “Қайтадан”, “Қалай қарайсың” әндері хитке айналып, республика көлемінде, көрші елдерде концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп жүр. Өнерді бағаламайтын кейбір облыстар бұл топтың келуіне қарсы болып өздерінің әрекеттерін судан таза сүттен ақ қылып көрсеткісі келетінінде байқап жүрміз. Осындай қиындықтардың бәріне шыдап, өнерін дамытып жүрген Ninеty One тобының ғұмыры ұзақ болсын. Алыс-жақын шетелгеде танылып үлгерген жігіттер өздері танылып қана қоймай, Қазақ елінде әлемге таныта берсін демекпіз.
!!! Ескерту: Бұл ешқандайда 91 тобына арналған фанатизм емес. Бұл тек менің жеке пікірім.