Қазақша әндердің ерекше сиқыры бәрімізді ертеден-ақ баурап алғаны сөзсіз! Алайда жаңа демін енді алғандай сезіледі.Жаңа орындаушылар,жаңа стиль,жаңа жанр,түрлі жасалып жатқан эксперименттер бәрі оң әсер етіп,қазақ жастарын баурап қана қоймай,өзге ұлт адамдарында да қызығушылық отын жақты.Бұл орын алып жатқан жайттардың барлығы жүрегіңе жылу лебін әкеліп,тіліңмен кеуде қағып мақтан ететіндей сезім тудыруда!
Қазіргі "культ" болып жатқан жаңа тәсіл-ол ескі әндерді қазіргі заманның түріне сай етіп,өңдеп шығару."Ностальгия" тудыртып қана қоймай,өлеңді тыңдаушылар өзгеше қырынан тануда.Оның біріне мысал етіп "Ozen" лейблының Dudeontheguitar,Monro,Darkhan Juzz,De Lacure,Jeltoksan сынды әртістерімен бірлесе Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап,ақынымыздың өлеңдерін қайта жаңғыртып,ел арасында танымал етуіне септігін тигізді.Ән шыға сала,жастар арасында кеңінен тарап,жатқа айтылды,осы бақыт болмағанда не болсын!
Бұл айтылған дүниенің барлығы тек бастама!Қазіргі жастардың музыка саласына қызығушылығы күн санап артуда,байырғы заманда айтыс,шешендік сөз жастардың ермегі болса,қазіргі жас буын ән шығарумен,мәтін жазумен,шетел әндерін алып,қазақ тіліне аударып,эксперимент жасау үстінде. Ендігі кезекте халықтың ән ырғағына ғана емес,оның мәтіні мен көңіл-күйіне қарайтыны қатты қуантады.Бұрыннан-ақ ата-бабаларымыздан қалған өнерге деген қызығушылық жылдар өте өзгеріп,бізге өзінің жаңа күйінде жеткені-заман талабына сай орын алған өзгерістер деп түсінемін.
Ең бастысы осы жаңа заман талабы жолында тіліміз бен ұлтымызды қатар алып жүретін өнер өкілдерінің көп болуы қажет.Шығармашылығың ұнамды болса,сахнада адам баласына әркез орын болады,қанша дегенмен барлығының мақсаты-әлемге өзінің көзқарасын өзінің музыкасы арқылы жеткізу,сол себепті бұл жолда отандық әндерді тыңдап,қолдау-борышымыз!