Қазақ киносының шыңы.Технологияның үлесі
блог
Бүгінгі күнде қазақ киносының маңыздылығы өте жоғары деңгейге өрлеуде. Отандық фильмдер кейінгі уақыттарда жақсы жетістіктерге жетіп келеді. Бұған басты себеп- кинематографияның дамуына заманауи технологияның орасан үлес тигізуінде.
Қазақ режиссері Ақан Сатаевтың бастамасымен 2011 жылы тарихи оқиғаны шынайы суреттеген отандық фильм «Жау жүрек мың бала» еңбегі, сондай-ақ, 2019 жылы күллі түркі әлемін паш еткен А.Сатаевтың тағы да бір керемет тарихы туындысы «Томирис» фильмдерінің айырмашылығын анықтап көрейік. Бір режиссер, бірдей жанрда жазылған, тек сценарийі мен әртістері ауысқан туынды. Алайда, айырмашылығын айқындап тұрған бұл жағдай емес. Басты айырмашылық оның сапасы мен технологиялық құралдардың үздік атқарған қызметінде.
Технологияның жақсы қызметінің арқасында, яғни үздік гаджеттерді пайдалана отырып біз өзімізге сапалы жұмыс ала аламыз.Бұл дегеніміз қарапайым камера мен қабілетсіз оператордың бізге технологияның беретін қызметіне қарағанда жеткіліксіз деген сөз. Кинотеатрға келген көрерменнің ең әуелі, назары фильмнің сапасына түсетіні анық.Егер көрерменнің көңілінен шығып, қызығушылық танытса, бұл осы жұмыстың жеңісі болып табылады.Киноның сапасы жақсы, бірақ іш пыстырарлық болса, бұл әрине режиссердің қателігі болып саналады. Сондықтан кинода технологияны ұтымды пайдалану қажет.