«Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».
Н. Ә. Назарбаев
Аса көрнекті мемлекет қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел медалі мен ордендерінің иегері. Қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, тау-кен инженері- Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы. Мен тұратын қаланың ең атақты қайраткері осы-Қонаев атамыз! Мінекей, бүгінгі күнде Қонаев атамыздың 110 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз өткен жиырмасыншы ғасырдың 50–70-жылдардағы Қазақстандық бүкіл ұрпақ еңбегіне жоғары бағасын беруде. Сол кездегі Қонаев және де басқа да қайраткерлердің еңбектегі зор табыстары мен экономиканың, саясаттың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің келешек дамуының іргетасына айналғаны бәрімізге аян. Жалпы, Қонаев атамыздың Қазақстан мемлекетінің, қазақ атының қалыптасуына енгізген ерен еңбектері бәрімізге белгілі. Ол Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін дамыту жолында өзінің тәжірбиесін , мол білімін жəне ұйымдастырушылық қабілетін қазақ халқының пайдасына жұмсады. Д.А.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыты қаншалықты қиын, күрделі, болғанымен, елдің экономикасын, саясатын əлеуметін, ғылымын, ұлттық мəдениетін дамыту ісіне айтарлықтай еңбек сіңдіртті. Түрлі деңгейдегі қызметтер атқара жүріп, Ресей федерациясының өктем саясатының ізінен кете бермей, ел мүддесін, болашақтың қамын да бір сəт естен шығарған жоқ. Қазіргі жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрушылар, яғни өскелең ұрпақ сол кездегі Қонаев секілді аға-аталарымыздың, басшыларымыздың еңбегін бағалаймыз, құрметтейміз! Осыған байланысты Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде 1992 жылы Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қор құрылды. Бұл қордың мақсаты-Қазақстанның мемлекеттігін нығайту мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық реформаларға қолдау көрсетіп,қазақ халқының рухани, мәдени тарихын, яғни мұрасын игеру. Оның дамып, өркендеуіне септігін тигізу. Қазақ халқы Ұлы, дара тұлғасы-Қонаевтың есімін ешқашан есінен шығармайды!
Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих кафедрасының доценті
Пулатова Гулдана Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті