«Қазақ» газеті мен «Айқап»журналының айтысқаны рас па?

            «Қазақ» газеті «Айқап журналы»! Екеуіде естір қазақпен көрер қазақ үшін елдің құлағы һәм тілі еді.Өз дархан даласында тайрандауға,арқа сүйеп жатарға мүмкіндігі болмаған аңғал қазақтың басында Ресейдің әңгіртаяғы көлденеңінен ойнаған кезде дәл осы екі «халық даушылары» елдің айнасы бола білді.Екеуіде еңкілдеп «қазақ»  ұлтының жарқын болар болашағын аңсап,айналада болып жатқан сан-сапасыз озбырлықтар мен берекетсіздіктің пердесін түріп, көзі бар бірақ,көрмейтін,құлағы бар бірақ естімейтін,ұйқыда жатқан алаштың асылдарын бар пәрмендерінше оятуға сөз маржандарымен харекеттерін қылып бақты. Біреуі астарлап жазды енді біреуі көзге сүйелдей етіп елдегі Қаража сымақтардың былықтарын еш астарсыз дүрсілдеген жүректерімен қағазға түсірді.Тарихтан мәлім, «Қазақтыңда»  «Айқаптыңда»   шығарылуы сол аңдызданған кезеңнің астаралы мәселелерін көтеріп,түйіндерін шешкен!Бұл кезекте басылымдардың ары таза!

           «Ел құлағы елу» дейміз,кезінде байқалмай қалған кейбір жағдайлар су түбінен су бетіне шыққан бос бөтелке іспеттес дархан қазақтың құлағына сүзгісіз жетуде.Солардың бірі «Айқап журналы мен Қазақ газетінің араз болғандығы».Бұл сағым желдің ел аузында я расталмай, я датталмай жүргенінің себебі беймәлім. Кейбір даралы данашпандары-мыс бұл басылымдардың ит пен мысық болғанын, әрімен қарай шұбыртып баспа тізгіндеріндегі дарабоздардыңда өш болғанын естіртіп жатыр яқи сендіріп жатыр. «Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды ».Екі басылым араздығы бәлкім растық болар.Дегенменде аузылы дуалы алаштың «Жеті рет өлшеп,бір рет кес» деген мәтеліне сүйене отыра дәл осы сағым желдің мәселесіне жете көңіл аударып көрдік.Оқыдық,зерттедік және көкейге түйдік.Екі басылымныңда бір-бірімен өш болғанын растаудан гөрі,олардың кейбір мәселелерде екі бөлек ойлағанын,бір-ақ түбі бір мақсатта болғанын анықтадық.Мәселен осы тақырыптың шырынын ішіп,қарнын толтырған Нығметолла Күзембаевтың  «Уақыт» газетінің 1915 жылғы 9-шілдедегі санында жарық көрген «Айқап» журналы хақында» деген мақаласында ғалым негізгі талас туғызған мəселелер жерге орналастыру, съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде болғанын дөп басып көрсетеді.Мәселен,жер мәселесі бойынша екі басылымның араз болуының себебі «Айқап» журналының отырықшылықты қолдап,халықты отырықшылыққа шақырып,ал «Қазақ» газетінің керісінше отырықшылықты Ресейдің тағы бір айлалы амалы деп ойлауында.Сөзге айқындық берілсін,  «Айқап»журналында Мұхамеджан Сералин: «Ау, жұрт! Ойланайық. Келешек заманымыз қалай болады? Заманға муафық іс істейік. Заманның соңынан біз қумасақ, заман бізді күтпейді» деп, қазақ халқы өз елдігін сақтап қалуы үшін отырықшылыққа көшу керек екенін дөп басып, заманмен қатар жүзбесек, елден де жерден де айырыламыз деп халыққа үндеу тастаса,артынша «Қазақ» газеті Ресейдің қазаққа деп егіншілікке ынғайлы жер беріп жатқанының артында арам пиғылдарының тұрғанын айтып,халықтың ойын уламау керек екендігін айтып кері жауап түрінде мақала жазып жіберген.Осындай тақырыптан бөлек оқу – білім тақырыптарындада көп қарама- қайшылықтар болып отырған.Мәселен осы тақырыпта «Айқап» ескі білім жүйесін қолдап,оның кімге болсада оқып кетуге ыңғайлы екенін алға тарта отыра,жаңаша білім жүйесін білім алушылардың тез қабылдай алмайтынын дәйек етсе,өз кезегінде «Қазақ» газеті жаңаша білім жүйесін қолдап,тозған білім жүйесімен оқығандардың арасында білімділерден гөрі надандардың көп екендігін,оқыды дегеннің өзінде біршама жылдан кейін алған білімінің сипаты кететінін айтып,жаңаша білім жүйесі арқылы сауатты ұрпақ тәрбиелеу керек екенін алға тартады.Осындай даулы тақырыптарды сьезгеде жеткізіп,ортақ талқыға салу барысындағы сьез мүшелерінің эмоцияларына ерік беріп,дисфемизим сөздердің мол болғандығын әрі кекету мен келемеждеудің орын алғанының салдарынан басылым редакторлары арасында бір-бірлеріне деген теріс пікір қалыптасып жатқанын біз ел құлағы елуден ести аламыз.Осы басқосу мәселесі «Айқаптың» редакторы Мұхамеджан Сералиннің журналдың 1913 жылғы 4-5 сандарында алғашқылардың бірі болып ағымдағы мəселелерді талқылап шешу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде мəселе көтергенінен бастау алған.Артынша оған журналдың 10-санында Райымжан Мəрсеков, 13-санында Жұбекен Тілеубергенов, 16-санында Барлыбек Сырттановтар үн қатады. Соған байланысты А.Байтұрсынов апталықтың 1913 жылғы 18-нөмірінде жарияланған «Басқосу турасында» деген мақаласы арқылы «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің пікірін білдіреді.Осылайша бірі басқосайық деп,енді бірі басқосқанның өзінде сөз берілмейді деп «өгізді ары тарт,бері тар» орын алады .Осы басқосудың түбі берекетсіз болғанын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Сөз таласы» атты мақаласын оқу арқылы көз жеткізе алады екенбіз. Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалсында : «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс - тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп түрі бөлек жаны бір басылымның қызметкерлерін әлеуметтік қайшылықтан сақтану керектігін айтып,ынтымақтыққа шақырған. Иә, осы дәйектемелерге сүйене отыра «Айқап» пен «Қазақ» расымен араз басылым болды деп тұжырым айтуға келеді.Бірақ екі басылымныңда көтеріп отырған мәселелері тек қазақ халқы үшін пайдалы еді,мейлі бірі отырықшы болсын десін,мейлі бірі мал бағуды құптасын дегенменде екеуінің бірініңде мақаласынан «қазіргі ұмтылғанымыз бос жүргендік,Ресейдің айдауымен жүрейік,өмір ағысымен жүзейік» деген ойдың шықпауы дәл осы біз араз деп ойлап жүрген басылымдардың түбінде яқи көз жетпес астарында тек қазақ ұлты үшін жан ұшыра шырылдап жатқанының дәйегі емес пе?! Екі «халық даушысыда»  қазаққа елдігін сақтау үшін,халық болып жан сақтап ұлттық болмысынан айырылмас үшін «мынау ынғайлы я болмаса осы ынғайлы»  деп болар-болмас дауға ерік бергені растық.Осы тұжырымға ғана сүйеніп екеуін қас деп айту,көргенді көрмедім дегенмен пара-пар.Иә,кері пікір жоқ, екі шамшырактың арасында жер,оқу,сьез мәселелеріне қарама-қайшы пікірлер туған шығар,бірақ Ресей озбырлығын әшкерелеуде,елдің аянышты кескінін бейнелеуде екеуі бір теңізде жүзді емес пе?! Мысалы ,«Айқап» журналының «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже » «Қазақ халқының мұқтаждығы» «Қазақтың қазіргі халі» «Кел,қазақ ел болайық» «Бас қасу тұрғысында бірер сөз» деген мақалалар жариялауы, сондай-ақ  «Қазақ» газетінің «Торғай облысы Ырғыз һәм Торғай халқына» «Г.Дума солдаттың мәселесі» «Мемлекет қалпы» «Ел қорғау» «Жергілікті бостандық » сынды мақалаларды жарыққа шығару осы бір екі егіз лебіздей қатар ғұмыр кешкен қос басылымның көтерген мәселелері үндес болғанының,бірін-бірі толықтырып ұйқыдағы жұртты масадай ызыңдап оятқанының айқын көрінісі.Бұл екеуінің арасында араздық болмағанының тек қана,кейбір тақырыптар арасында әлеуметтік келіспеушіліктер болғандын растайды. Бұған дәлел ретінде «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 51-нөмірінде Міржақып Дулатов «Айқап» журналы» деген мақаласында «Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан кезде сəтсіз күні басталған басқосу мəселесі шыға келді», – деп сол басқосуға дейін бәрінің жақсы мәміледе болғанын растаған.Яғни,белігілі бір аралықта дау туғанының бірақ соның ықпалынан газет пен журналдың ит пен мысық болмағаны анық. Сөз расталсын,дәл осы тақырыпта Алаштанушы ғалым Қайрат Сақ былай дейді: «Кезінде қалың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қатар қызмет еткен бұл екі басылымды біріне-бірін қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды. Рас, кейбір мәселелерде пікір алалығы кездеспей қалмаған. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес, соған жетуде ұстанған жолдардың әртүрлілігінен туындап отырған деуімізге толық негіз бар».  Сөзімнің қорытындысын Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласындағы сөзімен аяқтағым келеді: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді»

           Қара бұлты төбесінде үйіріліп,көлденең келген көк аттының қыспағында болған қараша қазақтың Ресейге әлі жетпей,аянышты хәлде болған кезінде оған ананың жылы алақанындай қамқорлық беріп сөзін сөйлеген, әкенің ақылындай кейде басу айтып,кейде орынынан тұрып қозғалуды нұсқаған,надан халыққа жарық сәуле бола білген дәл ол осы газет журналдар еді.Біз,өз кезегімізде басылымдардың айтысынан гөрі,дәл осы басылымдар армандап,аңсап кеткен еркіндігімізден айырылмау қамын күйттеп,елді бірлік пен ынтымақтықта өркендетудің жолын іздеу ұлт зиялыларының еңбектерінің еш кетпеуіне себепкер болады деп білеміз

 



Бөлісу: