Қазақ елі демекші.
блог
Ақыры не керек Президент пәрмен бергені сол-ақ Қазақфильмнің дәрмені қалмай атсалысудың қамына кіріскені. Бұл "Қазақ Елі" көпсериалды көркем туындысы жайында. Бұрындары Қазақ Тарихы туралы әрісі "Көшпенділер" берісі "Жау Жүрек Мың Баласымен" ғана мақтанатын Қазекең тұңғыш рет жарыққа шыққалы отырған "Қазақ Елі" көпсериалы фильмін асығып күтері анық. Рүстем Әбдірашев пен Ермек Тұрсыновтың режиссерлік командасы түсіретін фильмде жаңа тың дүние болатынына үміттенемін. Рүстем Әбдірашев пен Ермек Тұрсынов бұл жазғанымды оқымас, ал егер оқи қалса қаперіне берерім. Бұл фильмді Кәрістің Тарихи фильмдерінің желісімен түсірсе екен. Көпшіліктің көзайымына айналған Кәрістің "Ханзада Жумонг", "Ұлы Әмірші Куан Ге То", "Қайсар Ханша" атты көпсериалды фильмдерін қарасаңыз, сол фильмнің ішінде жүргендей әсерде қаласыз. Фильмнің желісі, шайқастар, сарбаздарының дайындығы, Ханзадаларының халық ықыласына бөленуі, соның бәрі тамаша түсірілген туынды. Біздің Режиссерлердіңде еңбегін жоққа шығаруға болмас оларда тыңнан түре салатын нағыз шеберлер. Өз ісінің білгірі. Көпшілік асыға күтетін бұл фильм халық ықыласына бөленетін тамаша туынды болары хақ. Алаш жұртына "Қазақ Елі" фильмін бірге көруді Алла Тағала пешенемізге жазсын. Режиссерлеріміздің шығармашылығының шырқау шыңы болсын деп тілейік. Іске Сәт!!!