Қазақ дерті

Қазіргі таңда қазақта жазылмай тұрған бір дерт бар.Қандай дерт дейсізғой?дертті айта берсек көпқой әрине:тіл дерті,дін дерті,ұлт дерті бұның әрқайсысын ашып айтпасам да,түсінікті болар.Мен қазір осы әңгімемде,тіл дерті жайлы айтқым келіп отыр.
  Бұл тіл дерті қашаннан бері қозғалып та келді, дегенмен де,жазылатын түрі жоқ.Күннен-күнге күшеймесе,тоқтамай тұр.Біз осы қашаннан бері осылай тілімізді сататын дәрежеге жеткенбіз?қашаннан бері өз тілімізді ұмытатын жағдайға жеткенбіз?Қазақ тілі байырдан келе жатқан ғажайып тіл.Дәл осы тілде ұлы Абайымыз,Ахметіміз,Мағжанымыз,Мұқағалиіміз,Ыбырайымыз сынды дана кісілер оқып,сөйлеп,жазып кетті емес пе?сонда сол болашағы үшін,қазақ деген ата-бабаларымызға қиянат жасағанымыз ба?Осы орайда,Мұхтар Әуезов атамыздың асыл сөзін айтқым келіп отыр"Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін,өзінің әдебиетін сыйламаса,бағаламаса оны сауатты,мәдениетті адам деп санауға болмайды"-деп айтып кеткен екен.Бұндай дана кісілерден ауыр сөз есту қандай жаман еді.Әрі бұл кісілердің ақылын тыңдамау да,ақымақтық.Осы қашанға дейін өз ана тілімізде қирап,өзге тілде яғни,орыс тілінде сайрай береді екенбіз?
   Тәуелсіздігімізді алғанымызға 31 жыл толып отыр.Яғни,Ресей үкіметінен босап шыққанымызға 31 жыл толып кетті.Енді біздің өз тіліміз,дініміз,жеріміз бар.Ендеше не үшін әлі де өзге тілде сөйлей бермекпіз.Бұны доғаратын уақыт келді,келіп те қойған.Бұның бір шешімін таппасақ,ана тіліміздің болашағы жоғалып бара жатыр.Менің бар айта алатыным барлық жерді қазақ тілінде қылып,мекеме барлығына қазақ тілінде сөйлей алатын мамандарды орналастыру қажет.Әрі жұмыс орындарына да қазақ тілі міндеттелуі қажет.Сонда ғана мүмкін орыс тілі жоғалар,бірақ қайдам бұл мәселені қозғағалы қаншама уақыт өтті әлі ешқандай өзгеріс жоқ.Ана тіліміздің болашағы мына сіз бен біздің қолымызда ғой,ана тіліміздің бұрынғы қалпына келуіне барынша ат салысайық.
  Қазақ тілі-сұлулығымен бой балқытып,тамыр шымырлататын,жан-жүйеңді жандырып,құлақ құрышын қандыратын,өткірлігімен қысылтаяң тұста,ер мен елге бірдей медет беріп,адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.Осындай сипаттағы қазақ тілі тұрғанда өзге тілді не қыламыз?!Сол үшін барлығымыз да,қазақ тілінде сөйлеп,өзге тілді емес өз тіліміздің дәрежесін көтерейік дегім келеді



Бөлісу: