«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары трактаты» туралы ой

әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты туралы ой

Бұл зерттеу мақалада біз ұлы ғұлама әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында қандай философиялық ойды, идеялогияны жеткізгісі келгендігін айқындап, әрбір айтар ойына мән беріп, мағынасын талдап, келер ұрпаққа берер орасан зор ілімі туралы баяндаймыз.

Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг (872-951) – философ және ғалым, Шығыс перипатетизмінің ең ірі өкілі. Ол өмірінің көптеген жылдарын Бағдадта өткізді, онда ол жақсы білім алды және ежелгі ойшылдардың еңбектерімен алғаш рет танысып, ғылыммен айналысуға бет бұрды. Жоғары білімділік және ғұламалылығының арқасында оның есімі Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" даңқымен ұштастырылды. Өмірінің соңғы жылдарын ол Алеппо мен Дамаскіде өткізіп, билеуші Сейф ад-Даульдің құрметіне және қолдауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ден астам трактаттар), ал оның қызығушылықтарының аясы өте кең (философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия және т.б.). Оның ең танымал еңбегі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» туралы трактаты. Әл-Фарабиден бастап, Шығыс идеялогиясы философияны шындыққа (теориялық ақылға) ғана емес, сонымен бірге жақсылыққа (практикалық ақылға) қызмет етуге арналған ғылым ретінде қарастыра бастады, ал дін теориялық және танымдық емес, қолданбалы мәні бар маңызды саяси өнер ретінде ғана қарастырыла бастады.

«Ұлы қоғам – бұл жер бетінде өмір сүретін барлық адамдардың қоғамдарының жиынтығы, орта – бұл кез-келген халық ұсынатын қоғам, ал кіші қоғам – белгілі бір халық тұратын аймақтың белгілі бір бөлігін алып жатқан қаланың тұрғындары ұсынатын қоғам. Толық емес қоғамдар ауыл тұрғындары мен квартал тұрғындарының жиынтығынан тұрады, содан кейін бір көшеде тұратындардың жиынтығы, содан кейін бір үйде тұратындардың жиынтығы. Соңғылары төменгі деңгейдегі қоғамды құрайды. Квартал мен ауыл-екеуі де қалаға тиесілі, бірақ тек ауыл қалаға қызмет етеді, ал квартал қалаға тиесілі, оның бір бөлігін құрайды. Көше кварталдың бөлігі, үй-көшенің бөлігі, қала – рельефтің бөлігі, халық – Жер тұрғындарының бүкіл жиынтығының бөлігі» деген үзіндіде ойшыл ұлы істер кішігірім жақсы әрекеттерден, ал керемет қайырымды орта жеке тұлғалардан бастау алады дегенді ойды жеткізгісі келді. Сонымен қатар философ сөзін келесідей теңеумен жалғастырады. «Қайырымды ізгі қала керемет, сау денеге ұқсайды, оның барлық мүшелері бір-біріне тірі тіршілік иесінің өмірін сақтауға және оны толығымен қызмет жасауына көмектеседі. Әрбір орган бір-бірінен өз табиғаты бойынша ерекшеленгеніменде, ең басты орган ол жүрек болып табылады, қалғандары осы жүрекке жақын орналасуына қарай дәрежелерге бөлінеді, алайда олар барлығы бір организм үшін қызмет атқарады». Әл-Фараби әрі қарай сөзінде осы образды теңеуін адам қоғамын сипаттау үшін қолданады. Жүректің орнын басшы алмастырады. Басшы-адамдардың ешқайсысына бағынбайтын адам. Бұл-имам, ол ізгілікті қаланың бірінші басшысы, ол ізгілікті халықтың басшысы және жердің бүкіл өмір сүрген бөлігінің басшысы.  Мұндай адам он екі табиғи қасиеттерді біріктіретін адам ғана бола алады. Адам, біріншіден, абсолютті кемелді органдарға ие болуы керек, олардың күштері олар орындауы керек әрекеттерді жасауға жақсы бейімделген, егер бұл адам қандай-да бір органның көмегімен қандай-да бір әрекет жасаса, онда ол оны оңай орындайды; табиғатынан айтылғанның бәрін жақсы түсініп, елестете білу, оған айтылғанның бәрін спикердің ойына сәйкес түсіну және оның өзі қалай жұмыс істейді; ол түсінгеннің бәрін есте сақтау жақсы, көреді, естиді және қабылдайды, мұның бәрін дерлік ұмытпайды; ақылға қонымды және түсінікті болу үшін, кез-келген нәрсенің ең кішкентай белгісін байқай отырып, ол осы белгінің нені білдіретінін тез түсіне алады; экспрессивті идеяға ие болу және барлық нәрсені толық айқындықпен жеткізе білу ол ойлайды; оқу мен білімге деген сүйіспеншілікке ие болу, оған жету оңай, оқудан шаршамай да, онымен байланысты еңбектен де азап шекпеу; тамақтанудан, сусындардан және копуляциядан аулақ болу, табиғаттан ойыннан аулақ болу және одан туындайтын ләззаттарды жек көру; шындықты және оның чемпиондарын жақсы көру, өтірік пен оған жүгінетіндерді жек көру; Тәкаппар жанға ие болу және абыройды бағалау: оның табиғаты барлық төменгі істерден жоғары болуы керек және табиғаттан жоғары әрекеттерге ұмтылу; дүниелік өмірдің басқа атрибуттары; әділдікті және оның жақтастарын табиғаттан сүю, әділетсіздік пен зұлымдықты және олардан шыққан адамдарды жек көру; өз адамдарына және бейтаныс адамдарға әділ болу, әділеттілікке шақыру және әділетсіздік құрбанына келтірілген залалды өтеу, бәріне жақсы және әдемі деп санайтын нәрсені беру; әділ, бірақ қыңыр емес, адасушылық танытпау және әділеттілік алдында табандылық танытпау, бірақ барлық әділетсіздік пен төменгі деңгейге мүлдем мойынсұнбау; қажет деп санайтын нәрсені жасау кезінде батылдық таныту және сонымен бірге батыл, батыл болу, қорқыныш пен қорқақтықты білмеу. Әл-Фараби нағыз басшы осындай қасиеттерге бай болу керектігін атап өткен.

"Бақыт – әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат" екендiгiн атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа бiлiм, адамгершілік, имандылық, игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк қайырымды қала тұрғындарындарының бойында  көбiрек болатындығын дәлелдейдi.

Әл-Фараби басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз, әділетті мемлекетті уағыздайды. Осы еңбегiнде ол «бақыт дегенiмiз – игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» деп атап көрсетедi және әр адамның оған толық құқығы бар дейдi. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкiндiгi бар, сондықтан да қайырымды билеушiлер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын атап өтеді. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы және негiзгi белгiсi – жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi, сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты. Сондықтан әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп тұжырымдайды.

Адамның  бақытқа қол жеткізуі – философияның негізгі  шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады және солай болғанын сөзсіз  қалайды. Адамдар бақытты болуды әркім әртүрлі  ойлайды, әртүрлі  түсінеді. Мысалы: адам ағаш егіп, ұрпағына үй салып беруді, енді біреулері,  артта ұрпақ қалдырып, мұрасын жалғастырғанды, біреулері, оқу оқып, білімді, ғалым болсам, біреуі, жоғары лауазымды адам болсам, бәріне сыйлы, атақты болсам,- деп сонда ғана бақытты боламын деп ойлайды. Әрине, бұл ойдың бәрі жақсы, әйткенмен  ең бірінші - «денсаулық зор байлық» басты байлық болмақшы. Адам табиғатынан жер бетіне шыр етіп түскеннен  12 мүшеміз сауболып, , ата-анасы қасында, бауырлары аман- есен болса, міне осының өзі бақыт деп ойлайық. Осының бәрі болса, қалған армандарымыз бен мақсаттарымыз орындалады. Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқым іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетеді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысынна қол жеткізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты

2. Әл-Машани «Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы»

3. Әл-Машани «Шығыстың Аристотелі»

Данат Жанатаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

Махамбетов Қалдыбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты



Бөлісу: