Қайда барасың, қазақ баласы..?

Қайда барасың, қазақ баласы..?
жеке
блог

Бұрымдылар кешегі Айғаным мен Зере сынды ұлт аналарындай емес, талайы тектіліктен айрылған. Бұрым дейміз-ау, бұл тек аты ғана, әйтпесе затының жоғалғаны қашан?! Белден асып, тізеге дейін жететін бұрымдылар бұл күні некен-саяқ. Бар шашты тілгілеп я болмаса жайып жіберіп кең көшелерде еркін көсіліп жүр. Кешегі аналарымыз қара жамылған кезде ғана шаш жаймаушы ма еді?! Ақ балтыр мен тізені көрсеткендеріне мәз бұл күннің қыздары. Ал, кешегілер болса, көптің көзіне артық түсуден именетін. Қазіргілердің жүрісі мен дауысы анадайдан білінеді. Бүгінгі ғасыр қыздарының киген киім, сөйлеген сөзінен жиренесін. Былапыт сөздер тілінің көркемдеуші құралына айналғандай. Қазіргі қазақ қызының сиқы осы.

Әлихан мен Ахмет ұрпақтарының түрі анау. Ауы жерге дейін салбыраған    шалбар, боялған ерін, қайрылған кірпік – бүгінгі жігіттердің «сәнін» кіргізуде. Осыларға қарап, кешегінің Қабанбайы мен Бөгенбайы қайда дейсің! Бүгінгі ұрпаққа бір тамшы  болса да солардың қаны дарымағаны қалай?! Перзенттерін дәретсіз емізбеген кешегі аналарымыз бүгінгі ұрпағының осындай болғанын қалады ма екен?

   Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен де, байырғы ата жолын жалғастырып, ұлдағы ұлылықты , қыздағы қылықтылықты сақтасақ қой , шіркін...