Сіз өмірінде ешкіммен қарым қатынас жасамай өмір сүрген адамды кезіктіріп көрдіңіз бе?Мүлдем ешкіммен сойлеспей,ешқандай байланыс жасамай қоғамнан мүлдем оқшауланып қалған адамды кезіктіріп көрдіңіз бе? Әрине,жоқ.Себебі адам,тіпті жан-жануар болсын әр қайсысы өзіндік тұрғыда қарым қатынас жасап отыр,ж әне сол арқылы қоғамға бейімделіп, дамып,жетіліп отырады.Себебі,біздің психикамыз солай қалыптасқан,яғни біз тек қарым-қатынас жасау арқылы жетілеміз.
Жұмыр басты пенде өзі сияқты өзге бір жанмен болсын байланыс жасаса,мейлі вербалды,мейлі вербалды емес болсын ,тіпті жай ғана тілдессе оның өзі адамның қоршаған ортамен байланысып жатқанының дәлелі.Индивид адамнан басқасының бәрі екі қол,екі аяқты пенделер болсын, төрт аяқты жануар болсын барлығы қоршаған орта болып есептелінеді емес пе?!Яғни,біз ұдайы қоршаған ортамен байланысты жүреміз,тек сол ортаны қабылдаудау кездегі ерекшеленетініміз болмаса.Кейбір адамдар өздерінің орталарына тез бейімделіп кетіп жатса,енді бірі бейімделе алмай,қиындыққа тап болып жатады.Жалпы,біз не үшін қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасаймыз?Біз мұқтаждықтан онан қалса ішкі сезімдерімізді қанағаттандыру мақсатымен байланыс жасаймыз! Мәселен,адам өзінің мансабын қууды мақсат етсе,сол мұқтаждықпен ол өзге әріпестерімен араласып өз-өзін солай қанағаттандырады,бұлда қоршаған ортамен байланысу.Біз пенделер жануарлардың бізге адам тілімен сөйлей алмайтынын білеміз,және соны қабылдап,өзіміздің ойлауымызбен болжамдарымыз арқылы олардың шығарған дауыстарына орай өз әрекетімізді жасаймыз,яғни біз сол ортаны қабылдап аламыз.Тіпті естіп,сөйлеу жүйесінде кінараты бар адам болсада,біз ол адамның бізге сөйлегенін күтпей,оны осы күйінде қабылдап,ол көрсеткен ишараға сүйкене отыра онымен байланыс жасаймыз!Сондай-ақ кішкентай балалардың ерсі қылықтарында,қарт адамдардың ауыршаңдығында,адамның қатты сөйлеген кезде жылап қалатындығында,ашу қысқанда орынсыз сөздер айтылып кететін кездердегі адамдарды да біз жақсы қабылдаймыз,яғни,психикалық тұрғыда біз санамызға соларды сіңіріп аламыз.Кішкентай балалардың әлі тұлғалық тұрғыда дамымағанын ескеріп,қартайған сайын биологиялық тұрғыда әлсізденетінімізді,сезімтал болса тез эмоцияға берілетінін,ашу кезінде адам санасы толық басқарылмайтынын ескере отыра біз сол ортаны өзімізге қабылдап,олармен байланыс жасаймыз.Тіпті,өзге мемлекетке барып,танымайтын адамдармен,өзге тілде сөйлейтін пенделермен кезігіп,олардың салт-дәстүрін ең алғаш көрсенде көз үйреніспегенімен,кейін саналық тұрғыда біз сол ортаны өзімізге қабылдап,оны жүйелі тұрғыда ойланып,саралап өзіндік әрекетімізбен қарым – қатынас құрады екенбіз.
Жалпы,қорытындылайтын болсақ,біздің әр тіршілк иесімен кішкентай болсын байланыс жасауымыз,біздің қоршаған ортамен үнемі байланыста жүретіндігіміздің дәлелі.Біздің өзімізде қоршаған ортаның бір мүшесіміз,жануарларда,табиғатта бәрі бәрі біздің айналамыздағы бізбен қатар дамып келе жатқан ортамыз.Оларды қабылдау әр адамның психикалық ойлауына қатысты болғанымен,түптеп келгенде бәріміз өзіндік бңр деңгейде қарым-қатынас жасап отырамыз.Бұл,сөзсіз дұрыс тұжырым!