Картинка деген не?

21ғасырда Картинка сияқты суреттер немесе картинка сияқты суретке түсу сәнге айналған. Ең бірінші кезекте Картинка деген не? деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Картинка деп отырғанымыз әдемі әрі мінсіз шыққан көз тартарлық суреттер топтамасы. Оған кез келген тақырыптағы суреттер топтамасын жатқызуға болады. Бірақ кез келген қарапайым суреттер емес әдемі әрі сәтті шыққан сапалы суреттерді айтамыз.                                                                                                                             

Қазіргі кезде ұялы телефондарына әдемі суреттер топтамасын яғни картинка жинайтын, одан қалса солай картинка сияқты суретке түсуге талпынатын жастарымызды кездестіріп жатамыз. Олардың кейбірі сәтті шықса,кейбірі сәтсіз болып жатады. Картинка туралы көбімізде өте жақсы білетін шығармыз. Себбебі әдемі суреттер топтамасы бізге көптеген пайдасын тигізіп жатады. Досыңды туған күнімен құттықтағанда суреттің ішіне тілек жазып жіберу, түрлі слаид-шоу немесе видеороликтер жасаған кезде, әлеуметтік желіге өз суретіңізді жүктегіңіз келмеген жағдайда, т.б көптеген жағдайларда өз пайдасын тигізіп жатады. Ал менің есіме оралып отырғаны үйде кездесетін фото альбомдар, үйден бір нәрсе іздеп ақтарғанда қолыңа түсе қалса ескі фото жинақтарды отбасымызбен бірге қарап әбден күлкіге қарық болатынбыз. Бір-бірімізге сол сәттерде болған қызықты жайттарды айтып мынау сол сурет қой деп бір бірімізді күлдіртіп суретке қарап бір жадырап қалатынбыз. Менің айтып отырған суреттерім картинка емес қарапайым ғана шынайы өмірден түсірген отбасылық қызықты сәттерден түсірілген суреттер топтамасы. Әр үйде ондай суреттер бар шығар деп ойлаймын. Суретіңіз әдемі картинка сияқты немесе қарапайым шынайы сурет болсын немесе болмасын ол маңызды емес. Бастысы өміріңізден бақытты әрі өте қызықты сәттерінен, көрген кезде жүзіңізге күлкі ұялататын суреттер топтамасы көп болсын дегім келеді.                                                                         

Ал сіздің картинка туралы ойыңыз қандай?



Бөлісу: