Қара шаңырақ

Қара шаңырақ
жеке
блог

Қызарып батып жатқан шырайлы күннің бірі.Сай саладан шыққан табиғаттың сырлы үні.Көше кезіп,қуана шауып жүрген жас балалар.Қырдың қырмызы шөптерімен,өрістен қайтып жатқан малдарының бейнесі,қолмен салған пизаж іспеттес,бір-бірімен өрнекетеліп тұрғандай.Өзеннің баппен ағып тұрған дыбысы,ауыл ішінен шыққан,ошақтың ыстық түтіндері мен самауырдың бұрқылдай шыққан дыбысы ауылдағы жазғы кешті одан сайын әрлеп тұрғандай.Сондай әсем кеште бізде,отбасымызбен түгел қара шаңыраққа жиналдық.Алыстан жол тартып келген бауырлар,аға жеңгелер,бәрі атымыз бен әжеміздің ыстық естеліктерін тыңдауға асықпыз.Үйдің іші ағайын туысқа лық толы.Ата мен әже әңгімелерін сағынған бала шаға қаз қатар тізіліп ата құшағына еніп кетіпті.Қаладағы қарбалыстан әбден шаршаған туған бауырлар, сырлас құрбыдай бір-бірінен бірелі ажырамай,сағыныштарын басып жүр.Жеңгелерім кешкі асқа қамдана кірісуде.Бірі ошаққа отын жағып,тезек тасып жатса,бірі астың қамын әзірлеп әлек.Ымыртта ауыл ішін жайлап басып келеді.Бір атаның балалары бір-бірімен біресе алысып,біресе бір -біріне шаң жұқтырмай ойнап жүр.Балалардың сыбдыр күлкісі,бауырлардың қызу әңгімесі,қыз қырқынның сыңғырлы күлкісі,сырттан қараған адамды тамсандырмай қоймайды.Ал енді барлығы құмырысқаша дастархан басына жиналуда.Балалар мәре сәре болып,әжелерінің көптен сақтап жүрген тәттілеріне қуанып отыр.Үлкендер еппен,баптап тамақ ішіп алды.Келіндер салт бойынша астан кейін табақты алу үшін үлкендерге иіле сәлем беріп төмен қараған бойы ошақтың алдына кетті.Самауырдың ыстық шәйімен,жаңа піскен дәмді сүтпен қоюлатып шәй ішуге кірісті.Шәйді бір ұрттап қойып,атамыз өз әңгімесін бастады.Барлығымыз атамның іс әрекетіне,тісінен шыққан әр сөзіне тамсана қарап отырмыз.Бір сәтте, тіпті жас балаларда атаның ғұмырлы хикаяларының ішіне кіріп кеткендей тапжылмай отыра қала тыңдап отыр.Атада астарлы ойларымен әр баласына ғұмыр бойына жететін сырлы сөздерін саналарына терең бойлата ендіріп отыр.Жәймеңдеп, кішкентай балалар маужырай қалғып жатыр.Атада өз сөзін,қортындылай бастады,ендігі кезекте бата берісіп барлығы ұйықтаудың қамына кірісті.Төсек орындар қаз қатар жазғы кереует үстіне салынуда.Менде сол түні кереует астында жұлдызға қарап,атаның сөздерін есімнен шығара алмай отырмын.Ұйқым келмей ұзақ ойлана жатырмын,бір кезде жан жағыма қарап тәтті ұйқыда жатқан отбасыма қарап отырдым.Бірі тепсініп,бірі маужырап,бірі бір - бірінің үстіндегі көрпесін тартысып жатыр.Осындай ыстық көріністі көріп келгенімеде 16 жылдың жүзі болып қалды.Таң атты.Көзімді ашып,ыстық көрпеден шыққым келмей жатыр.Айналама қарасам жеңгелерімнің бірі есіктің алдын,таң атар атпас сыпырып,салқын су шашып қойған.Енді бірі таңғы астың қамымен шапқылап жүр,тағы біреуі тырсылдатып сиыр сауып жатыр.Бізде ендігі жеңгелеріміз дайындаған жылы суға бетімізді жуып,атамызбен әжемізге еркелей отырып ыстық құшағына еніп кеттік.Қызық енді басталды.Таңғы шәйді ішіп алдықта,істің қамына кірістік.Бәріміз күн қызығанға дейін жұмыла істі бітіруге кірістік.Қыстың қамын жаз ойла демекші,қысқа дайындықты бастап кеттік.Бәріміз істі бөлісіп алдық.Бір уақытта жеңгелеріміз сыңғырлаған үндерімен әндете отырып,көрпе тігіп ою өрнектеуге кірісті.Ағалар бар баланы жиып алып егіннің басына кетті.Әр іс бәрімізге қызық,себебі бәріміз бір шаңырақ астында күліп ойнап мәз мейрамбыз.Ұрыс,шулы орта,бітпейтін жұмыстар,қарбалас өмір бәрі қара шаңырақтың сыртында қалып қойғандай.Отбасы мүшелерінің бәрі бақытты.Егіннен келген жастар мен үлкендер үлкен іс тындырғандай кейіппен кіріп келуде.Бәрі түрлерін жинап алып,жеңдерін түріп,терлерін сүртіп қойады.Оны көрген қыз қырқын күлкіге қарқ болып жатыр.Оларды сыйлай отырып,алдыларынан шығып күтім жасап жатырмыз.Күнде тас төбеге жетіп,ыстық болып тұр.Бәріміз үйге кіріп,көлеңкені жағалай күннен тығыла қаштық.Ендігі күн батар алдында, атам бәрімізді ертіп өзі еккен баудың ішіне жол бастады.Жеміс ағаштары да бізді күтіп тұрғандай,келдіңдер ма?- дегендей жайнап кетті.Атам бәрімізге өз несібемізге қарай,баптаған ағаштарының жемісін үлестіріп жатыр.Ата мен әже бәрімізге сырттан жеміске қарқ болған түрімізге қарап ыстық жастарын бір сүртіп алды да бәрімізді сол баудың ішіне әдемі етіп,орналастыра естелік суретке түсуге шақырды.Сол сәтте,өз өміріме риза болып,рухани шабыт жинайтынмын.Солай солай күндер өтіп,қойың дәптерім қызықты естеліктерге тола бастады.Бір бірлеп ағаларым үйді үйіне әке батасын алып,жолға аттануда.Қара шаңырақта әдеттегідей сол үйдің жүрегіне айналған ата әжемізбен,әкемнің бауыры балаларымен қала берді.Қара шаңырақта,атамның балаларын шығарып салып тұрғандай.Сол күндерден кейін барлық отбасы мүшелері іштей сергіп,ауылдың таза ауасынан нәр алып бойларына күш жинап,жаңа туылған нәрестедей күй кешіп жұмыстарына жаңа қарқынмен оралды.

Қара шаңырақтың киесі,тылсым күші дегенді әр бас қосудан кейін, ұғып келемін.Қара шаңырақты қазақтың неліктен құрметтегенін,қастерлеп сақтауға асыққанын да ес білгелі ұғып бақтым.Қара шаңырақ жыл өткен сайын,менің балалық шағымның жүр