Қара шаңырақ

 

"Үлкен болу үшін ғаламда, Үлкен арман керек адамға", - деп Мұхтар атамыз айтқандай, өмірде өз орныңызды тауып, қоғамда тұлға ретінде қалыптасу үшін сізді әрдайым алға жетелеп тұратын асыл арманыңыздың болуы шарт. Егер, адамда арман болмаса, сол арманға жетуге деген талап болмаса, еткен тіршілігіңіздің сүреңсіз əрі бекер екендігі айдан анық. Дәл осы сәтте Абай атамыздың мына бір сөзі: "адам өмірге екі мақсатпен келеді, бірі-ішсем, жесем десе, бірі- көрсем білсем деп келеді"-деген сөзі менің ойымды  айқындап тұрғандай. Меніңше, жақсылыққа ұмтылып, жаңалыққа талпыну кез-келген адамның қолынан келеді.  Бастысы-армандау, алға мақсат қоя білу.

11 сынып оқып жүрген уақытта маған мамандық таңдау мен жоғары оқу орнын таңдау қиындық туғызбады. Себебі, бала мерзімнен бастап кітап оқуға қызығатынмын. Болашақта мықты тіл маманы болсам екен деп армандайтынмын. Егер де, қатты қаласаңыз, арманыңыз міндетті түрде орындалады. Әрекет жасап, еңбек етіп, адал теріңізді төксеңіз мақсатыңызға жететініңіз анық. 

Жоғарыда айтып өткенімдей, мен мамандық пен оқу орнын таңдауда еш қателеспедім. Себебі,  қазірде талай жасты ұядан ұшырған, "қара шаңырақ" аталған əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студентімін. Көптің алғысын алып, талай жанның мақсатына жетуге себепші болған ҚазҰУ бүгінде әлемдегі ең үздік 800 университеттің ішінен 220 орынға табан тіреді. Расында, Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік. ҚазҰУ заманауи білім беру жүйесімен ерекшеленуімен қатар жастардың студенттік нөмірлерін қызықты өткізуіне үлкен жағдай жасайды. Сонымен қатар ҚазҰУ-ға түсу сізді арманыңызға бір табан жақындатады. Сапалы білім алып, өзіңізді тұлға ретінде дамыта аласыз. 

ҚазҰУ-жаңа мүмкіндіктер мекені, мықты білім ордасы!

Авторы: Жұмабек Қазына



Бөлісу: