Қаңтарда өскен бір тал

Қаңтарда өскен бір тал
жеке
блог

20 жас : мақсаттар мен жоспарлардың арпалысқан кезеңi. Әр адамның алдына қойған өзіндік армандары мен мақсаттары бар. Оқуға түскен жылы бір топта оқысақ та жақсы араласа қоймадық. Себебі мектепті кеше ғана бiтiрiп келген бiздерге бiр - бiрiмiзге үйренісу қиындау болды. Мектептегі балалықты, еркелікті қоюға тура келді. Дегенмен, топтағы студенттер өзінің мiнезiне, жанына жақын адамдарды іздей бастады. Менде бармын. Уақыт өте келе өмірімде жаңа достар, жанашыр адамдар пайда болды. Солардың бірі жүзі де, жүрегі де нәзік, ақын, мейірімді, адал тіптен айта берсем бойынан жақсы қасиеттерді көптеп кездестіруге болатын менің құрбым – Макпал Төребек. Өте жақын араластық. Бір - бiрiмiздi түсiне бiлдiк. Тағдырдың қаталдығына мойымай сабырлық танытып келе жатқан құрбымның өмірі мен үшін көп сабақ болды. Мақпал 20 жасында өзінің әдеби шығармашылық кешiн өткізуді мақсат етіп қойған едi. Сол мақсатына қол жеткізді. Студент үшін кеш өткізу әрине оңай емес. Қаншама еңбекті, жүйкені талап етеді. Әдеби шығармашылық кеш "Қаңтарда өскен бір тал гүл " деп аталды. Қаңтар айында дүние есiгiн ашқан кішкентай Мақпалды анасы солай еркелететiн болған екен. Құрбымның үлкен сарайларда талай керемет кеш беретініне сенемін! Және массагеттiктер Мақпалды жақсы таниды деп ойлаймын.