Қалың қалай, massaget?!

Қалың қалай, massaget?!
жеке
блог

Сәлем! Қалдарыңыз қалай массагеттіктер?! Менде бәрі керемет (...деуге болады)

Жағдайым осындай. Жүрегім сіздерге деген махаббатқа толы)))

Жаңа ғана Ауылдан келдім. Әрине, жолдан шаршап, шалдығып, қыймастықпен, артыма қарап... Бір жетілік демалыс біраз серпілтіп тастады. Енді жаңа жұмыстарды қолға алу керек (деп қоямғо...). Ауылда жүргенде сағынғаным осы сайт болды, MASSAGET.KZ! Сенесіздер ме, жоқ па өз еріктеріңіз, әрине. Келген бетте телміре кеттім. Не іздегенімді кім білсін))) Жай ғана халдеріңізді білгім келген. 

Жақсылап сайлауды өткіздік. Жыл басымыз Әз Наурызды да керемет қарсыалдық. Солай ма? (солай шығар) Жалпы, наурыз ауылда жақсы тойланады ғой. Бәрі келіседі деп ойлаймын. Анаңның дайындаған "наурыз көжесіне" не жетсін шіркін?! Әбден тойып келдім...

Сонымен, демалыс өз мәресіне жетті. Ертеең оқу. Демалыссыз күндер басталады тағы. Бірақ, адам демалыстан да шаршайды екен. Жазған жазбамнан байқап отырған шығарсыздар? Эмоция ғой, эмоция) 

Жаңалықтарыңызбен бөлісе жүріңіздер, достар! Сағынышымды басайын...

Айтпақшы, мен сіздерді "вконтакте: Арайлым Култаева" және "instagram: Arailym_kultaeva_19" желісінде күтемін. (жарнама жасап жібергенсіңғо) Кездескенше!