Қадам,арманға не арманнан...

Қадам,арманға не арманнан...
жеке
блог

Біз өмір сүріп жатқан әлем күңгірт әрі қатігез, ал болашағымыз белгісіз, бұлыңғыр. Бірақ біз тоқтап тұрған жоқпыз жүріп келеміз,сүріп келеміз. Әйткенмен, қайда, қалай, неге бара жатырмыз? Кейбірі мүдделі мақсат жолында аянбай еңбек етіп өрлеп келеді.Кейбірі пайда іздеп,бір-бірін қуып келеді.Енді бірі қадамын санап,өз дара жолын бастап жатса, бірі аяқтап, бірі өзгені шалып келе жатыр. Ал осы бір жолаушылардың арасында,арманның қағаз кемесінде жүзіп келе жатқандар мен, жағада қалғандар да кездеседі.

Біз бір-бірімізге бөлек жандармыз. Өзге әлемде, елде, қалада өз тіршілігімізбен өмір сүрудеміз. Алайда сезінер сезімдеріміз ортақ.Жасар таңдауларымыз ұқсас. Әрқилы күліп,жылағанымызбен біздер бірдей сүйеміз, жеккөреміз,қабылдаймыз,армандаймыз. Ия,баршамыз армандаймыз және баршамыз таңдау жасап, қадам басамыз! Кейбіріміз арманға таяу бассақ, кейбіріміз өз арманымыздан алшаққа жылжимыз. Сірә,бұл таңдау біз үшін нағыз өмірдің басталғандығын білдіретін белгі шығар.Бұл старт!Жаңа өмірге бастау,я өз арманыңдағы жолмен,я өзгенің қалауындағы жолмен. Менің өмірімде де бұл кезең өткеннің еншісінде қалды.Әттең, уақыт өз ағысымен ағады,кері жылжыту мүмкін емес,алайда болашақтағы бағыттарымызды өзгертуге мүмкіншіліктеріміз бар. Мен түсіндім, мен қате жүріп, қисық бағыт ұстандым, тәрбием солай үлкен сөзінен аттай алмадым. Мендейлер көп деп ойлаймын.Алайда сіздерге айтарым, тек армандамаңыздар, арман барлығында бар,менің 4 жасар інімніңде арманы бар,сіздер еңбек етіңіздер, «менің арманым» емес «менің мақсатым,таңдауым,болашағым» деңіздер!

Дәлелдеңіздер,өздеріңізге,өзгелерге әсіресе ата-аналарыңыза жасай алатындарыңызды,жетістікке жете алатындарыңызды көрсетініңздер.Олар бізбен мәңгі бірге бола алмайды,сондықтан біздің болашақта қиналмай күн кешкенімізді қалайды.Ол кісілердің тілері тек жақсылық,ал сіздер сол өз армандарыңыздың олардың сізге қалайтын «жақсылықтары» екеніне көздерін жеткізіңіздер.Менің өкінетінім мен қимылдамадым, күреспедім, көндім,бірақ мен өшпедім,менің арманым өшпеді, өшпейді де! Жүрегімде қаным тулап,бойымда жаным барда мен берілмеймін,білемін кеш,бірақ «еш» емес. Сіздер де берілмеңіздер, өзге жолдардан айырмашылығы арман жолының соқпағы көп,сынағы мен сыны мол алайда берері зор. Біздер жарқырау үшін жаралғандармыз,біздер армандау үшін жаралғандармыз, біздер аянбай етіп асқақтау үшін жаралғандармыз,біздер өмір сындарынан өтіп,бақытты болу үшін жаралғандармыз! Бүгіннен бастап,біздер қорықпаймыз,тәуекел етеміз,өз көздегенімізге жетеміз! Себебі біз өзімізге не керек екенін білеміз!