Жұрттың қатыны неге сұлу?

Жұрттың қатыны неге сұлу?
жеке
блог

 

    Ойлап қарасам қыздардың өміріндегі ең биік шыңы күйеуге тиген кезі. Иə, қазір көпшілігі осындай оймен жүреді. Тікелей болмаса да, түп негізі осы ойға кеп тіреледі.
Үйленгенше қыздар оййй керемет боянып жүреді. Бар əдемісін үстіне киіп, иіс суын себініп алып көшеге шығады. Содан кейін кімнің көзі түспейді?. Ағының да қарасының да көзі əлгі қызда. Хош, оған еш қарсылығымыз жоқ. Бір кісінің айтқаны бар еді "Еркектер біздің көрерменіміз" деп. Ал, көрерменнің алдына дайындықсыз шығуға болмайды. Жұрттың қатыны сұлу болмай қайтсін сосын. Бар қызығы енді басталды. Əлгі жас кезінде сұп- сұлу болып жүрген қыз, тұрмысқа шыққаннан кейін бордайтозданып кетеді. Неге? Себебі ол шыңға шығып алды. Яғни, тұрмыс құрды. Болды оған енді ештеңе керек емес. Тағы бір пəлсапа "адам жетілдім деген кезде, миы тоқтайды" қысқаша, рухани да басқа да тоқырауға ұшырайды. Кейбір күйеуге тиген қыздар "тиетін жігітке тиіп алдым енді кім үшін боянамын" деп ойлауы мүмкін. Өйткені ол жетістікке жетіп алды. 
Жалпы қыз-келіншектер біреуге ұнау үшін боянады.(деп ойлаймын) Жоғарыда айтып кеткен шыңға шығып алған қыз енді көшеге ғана əрленіп шығады. Себебі, жас кезінен əдет болып қалғаны да бар. Үйіне келгенде əдемі түр жасап берген бояудың бəрін шешіп тастайды. Əлгі түрді көрсеңіздер. "Сонда анау күйеудің не кінəсі бар деймін да" Тұрсынбек осылай дейді. Сонсоң, үйде мынадай оқиғалар бола бастайды. Сыртқа шығып бара жатқан күйеуі, əйеліне: - сықиып киініп алыпсың, əдемі бояныпсың, кімге ұнайын деп жүрсің?-дейді. Сосын əйел байқұс қайтсін күңкілдеп шығып кетеді.
Статистика бойынша елде ажырасу пəленбей пайызға өсіп кетіпті дейді. Нақты айтып шошытпай-ақ қояйын. Көп себебінің бірі осы қызғаныш пен түсініспеушілік.
Негізгі айтқым келгені тұрмыс құрған қыздарға. Көшеге шыққанда ғана емес, үйде де сəнденіп жүрсеңіздер. Бұл туралы хадисте бар. Əйелдің күйеуіне сүйкімді көрінуі де маңызды. Бұл міндет шариғатта əйел адамға уəжіп деп айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұсылман жақсы көреді, өзі де жақсы көріледі. Жақсы көрмеген жəне жақсы көрілмеген адамдарда қайыр жоқ», – деп айтқан. Келесі хадисінде: «Жақсы көрген, жақсы көрілген жəне көп бала туатын əйелге үйленіңдер» – деп, өз ұнамдылығын жоғалтпай, сүйкімділігін сақтай білетін əйелге үйленуді өсиет еткен.

Бұрын қазақ отбасында, күйеуі 
сырттан тамағын кенеп үйге кіріп келе жатқанда, баламен арпалысып отырған ақылды əйелі, етек жеңін жинап, шашын ретке келтірген деседі. Міне, осының өзі үлкен тəрбие. Керемет сыйластықтың белгісі. Күйеу əйелдің- жəннаты. Жəннаттарыңызға абай болыңыздар. Сонда күйеуім басқаға кетіп қалды. Бла- бла- бла деген əңгімелер болмайды.