Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?
жеке
блог

Журналистика саласы-әркез өзекті мәселелерді жариялап,ақиқатты ортаға ешбір өзгеріссіз,саф, таза күйінде жеткізетін ақпарат көзі, билік пен халықтың арасындағы дәнекер, қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір.Бұл сала түрі ақпарат тарату мәселесімен ғана емес,сонымен қатар қызыл тілді,сөз шеберлігін,көркем сөйлеу және ораторлық мәнерді,талмай еңбек етуді,суырып салма қасиетті  талап етеді.Сол себепті берілген мамандықтың иесі болу-бәрінің қолынан келе беретін іс емес,өйткені бұл салада халықтың назарын өзіңе қарата білу қажетсің,дұрыс жеткізумен қоса, шындықтың көзін ашып,кедергілерге қарсы тұра білу қажет,яғни бұл қызмет мемлекет пен ондағы адамдарға тікелей байланысты және соған негізделген.

Қалай дегенмен,журналистика – ауыр сала.Кез-келген журналист көздеген шындыққа жетуде көп қиындықтарға тап болады.Бірде жалған ақпаратқа кез болса,бірде ақиқат жолында жанын беруге дайын болады.Барлығы халыққа дұрыс ақпарат жіберу мен журналисттің принциптеріне негізделген десем,қате болмас.

Журналист атану үшін алып телеарналарда жұмыс істеу керек деген пікір бар,алайда журналист жеке өзінің блогын немесе өзінің дербес шығармашылығын жүргізе алуы еске алатын жайттардың бірі деп білемін.Себебі қазіргі таңда бұл салада дамудың алуан түрі бар.Бірі телевизияны таңдайды,бірі өзінің жеке жұмысымен айналысады,ал енді бірі әлеуметтік желіні ермек етеді.Алайда аталған салаларда қаншалықты бостандық пен еркіндік бар?

Әрбір осы мамандық иесінің ең үлкен қажеттілігі-сөйлеу еркіндігіне ие болу.Осы мүмкіндіктің арқасында қазіргі таңда жалған ақпараттар легі тараған заманда ,журналистер ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, халыққа тек шынайы жеткізіп, адаспауына өз үлестерін қосып отыр.Дегенмен кейбір мәселелер қақпағы сол күйі ашылмаған қара қазандай жатыр,архивтерде де беті ашылмай қалған қаншама істер бар десеңші.Осы жағдайлар шынымен-ақ журналист жүрегін ауыртады.Бірақ белгілі бір шара қолдану қиын.Өйткені бұл салада жүрген адамда кейбір уақытта айтылатын және айтылмайтын ақпарат көзі қолына түседі.Ол лауазымы жоғары адамға қатысты жайт болса,жағдайдың өзі тітптен ушығады.Дәл осы уақытта не шындық бетін ашу ,не өзінің өміріне түсер қауіпке дайын болуы қажет,бірақ ол негізінен жұмыс орнының форматы мен мақсатына байланысты.Алайда жеке блог болса,жағдай басқа көрініс табады,онда цензураны тек ол адамның өзі белгілейтін болады.Цензура негізінен баспасөзді, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қадағалау немесе белгілі бір қоғамдық бірлестіктердің қадағалауын жүзеге асырушы субъект ретінде анықталады.Ол цензураны жүзеге асырушы субъектілердің талап етуімен жарыққа шығаруға дайындалған хабарлар мен материалдарды алдын ала келісу үшін іске асырылады.Қазіргі таңда цензурамен жұмыс жасау қажеттілігі бар және бұрыннан-ақ болған.Тек өтірікті шындықтан арашалап,елге ақиқатты қорықпай айтатын батыл адамдар саны тарихта көп.Менің ойымша,құқығымыз қорғалатын,сөз бостандығымыз бар мемлекетте ешбір журналист өзіне шектеу қоймай,таптаурындардан еш саспай өтуі қажет.

Тарихтағы батыл аға-әпкелермізден бізде тек бір ерекшелік бар.Оларда жоқ болған еркіндік пен  мүмкіндік бар, бірақ олардың бойларындағы батылдық пен талпыныс жоқ.Онда не үшін бұл жағдайды өзгертпеске? Ел игілігі мен қос тараптың шабарманы ретінде ел тарихына үлкен із қалдырып,еркін сөйлеу білу журналист үшін алып міндет!

Авторы: Анарбекова Аяна

Жетекшісі: Әлміш Ж.Т.