ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БАСТЫ ҚАРУЫ
блог
Журналистердің басты қаруы - сөз және тіл. Қару адамға өзінің кесірін тигізетін немесе жаралау арқылы жаныңды ауыртатын жарақ. Сөз де дәл сондай. Сондықтан, осы жазбада көтеретін мәселеміз - тіл мәдениетінің БАҚ қызметкерлері үшін маңызы. Менің ойымша, бұл мәселе қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.Осы жазбада журналист өмірінде сөз саптауының қандай рөл атқаратынын анықтаймыз.
Жалпы, журналист деген кім? Журналист - сөз бен тілді байланыстырып, сөз саптауын шығаратын, халыққа өз пайдасын тигізіп, ақиқатты жеткізетін нағыз майталман маман иесі. Журналистика қоғаммен тығыз байланыстағы кәсіби маман болғандықтан, әр журналистің сөйлеу мәдениеті, мәнері, сөздік қоры әрқашан жоғары деңгейде болуы міндет. Сөйлеу мәдениеті дегенімізтек қана сауатты сөйлеп, сауатты жазу ғана емес. Біріншіден, әдемі, әдепті сөйлеп білу, екіншіден, интонация тазалығы, тіліңнің анық болуы. Журналист өз қаруын, тіл ұшқырын орынды, дұрыс уақытта қолдана білуі қажет. Қысқаша айтқанда, қолындағы қаруын оңды-солды қолдануға болмайды. Бір адамға сөздің бір бұрышы, екінші адамға бір бұрышы тиетіні мәлім. Барлығы журналистің бір сөзіне байланысты. Бағдарламада, сұхбат кезінде артық немесе қате сөз айтылған болса, бұл жағдай маманның өзіне кесірін тигізеді .«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» тіркесі БАҚ мамандарына арналғандай. Қазіргі уақытта нағыз оқыған, білімді, ойын ашық және саралап жеткізетін журналистер саны күн артып, қоғамда көбейіп жатқаны қуантады. Маманға сөз сауатын арттыратын нәрсе ол әрине - кітап.
Кітап - журналист үшін ең басты және міндетті атрибут. Кітап оқитын немесе оқымайтын адамды бірден ажырата аламыз. Кітап оқитын жандаререкше көзге түседі онымен қоса, ойлау қабілетін жетік меңгерген. Адамға кітап артық етпейді себебі, кітаптың ғұмыры мәңгі!
Қорытындылай келе, болашақ журналистер үшін менің кеңесім - кітаппен достықты тоқтатпаңыздар. Кітап оқу дегеніміз өз кәсібіңді жетік меңгеріп, бойындағы ұшқырлықты дамыта білу. Білім ешқашан артық етпейді, керісінше, сізге тек пайдасын әкеледі, соны ұмытпағайсыздар. Қоғамда шиеленісіп жатқан, әлі шешімі табылмаған мәселелер өте көп. Осы мәселерді шешіп, халыққа сапалы ақпарат жеткізу біздің қолымызда, болашақ жас журналистер! Сол себепті, ешқашан білім алудан шаршамаңыздар. БАҚ келешегі сіздердің және өскелең ұрпақтың қолында!
Автор: Садуақас Дильназ Жасұланқызы