Жүректерге сәуле сыйлап жүр!..

Жауыздықтың шегіне жеткен уақытта жасалып жатырған игі істер туралы білу сәл де болса жараңды жеңілдетеді екен. Біреулер кіндігінен жарып шыққан туғанынан безінсе, енді біреулер өзгенің баласы үшін қайырылымдылық шараларын өткізіп, ажалдан арашалап қалуға жан салуда. Күні кеше Алғыс айту күніне орай Ақтау қаласында шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Ислам Музаев қайырылымдылық концертін өткізіп, кештен түскен қаражатты бір үйдің екі баласының еміне көмек ретінде берді. 

Айта кетейін, қаңтар-ақпан айларында киелі жердің қалың жұрты қатерлі ісік дертіне шалдыққан Айзере есімді періштенің өміріне араша түсу үшін Маңғыстаудың жер-жерінде қайырымдылық концерттерін өткізген болатын. Жомарт көңілдердің көптігі сонша, бір күнде екі бірдей концерт берілсе де, залда ине шаншыр жер болмады. Ақпан айының 18-і күні Мәскеу уақытымен 11.00-де Айзереге ота жасалып, әуелі Құдайдың, одан кейін көптің дұғасымен сәтті шыққан болатын. 

Пысы: Қандай қиындық келсе де, құлама! Қандай сырқат келсе де, қайғырма! Өйткені сені еститін Жаратқан мен сені қолдар Халқың бар! 



Бөлісу: