Жүректе бір сағат соғып тұр

Жүректе бір сағат соғып тұр
жеке
блог

    Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан кезден-ақ,мәпелеп,өсіру,жеткізу ата-ананың парызы.Оған тәлім-тәрбие беріп,өмірдің жақсылығын да,жамандығын да үйрететін,қай кезде дұрыс қадам жасау керек екендігін айтатын да ол біздің мақтанышымыз ата-анамыз.

    Сық-сық сықылдап,сағаттың қозғалысымен біздің де уақытымыз өтіп жатыр.Мына қарбалас заманда барлығымыздың айтатын сөзіміз сол «уақыт жоқ» деймізде,әйтеуір жүгіріп бір іспен айналысып жүреміз.Тіпті,кейде көп нәрседен бас тартамыз.Жоқ,бұл дұрыс емес.Қашанда қиындығы мен жеңілдігі бірге жүретін қысқа ғана өмірге,қызығушылықпен қарауымыз керек.

    Жүрек күні-түні дамылсыз-тынымсыз жұмыс істейтін бір ғажайып мотор.Ол тәулігіне 40 миллион рет соғады. 24 cағатта-40 миллион рет.

    Демек,адамның әр сағаты санаулы,сол санаулы уақытты сапалы,жемісті-тиімді өткізу қажет.

    Басқаша сөзбен айтқанда,адамның бір жылдық өмірінде 8 мың 800 сағат уақыт бар,соның міндетті қажетті жұмысқа 2 мың 200 сағаты жұмсалады да,қалған 6 мың 600 сағаты өзінің жеке қарамағында қалып,өзі еркімен пайдаланады.

    Уақытты зая кетіру-ең ауыр өкініш.Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады.Адам баласы уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ.Бір күнін бос өткізбей,өзіне пайдалы іспен шұғылдануы керек.

    Бүгінгі күн-тарих.Ертеңгі күн келе ме,жоқ па бір Аллаға мәлім.