Жүрек жылуы

Жүрек жылуы
жеке
блог

            Жүрек жылуы

Жүзіңе күлкі ұялатқан жан жаныңнан табылмаса да,жылуын әркез шашады.Бұған күмәніңіз жоқ шығар, сірә?!Жылулықты сезінетін-жүрек.Жүрек, шіркін, бәрін сезеді, сезіндіреді.Жүрек дейміз-ау.."Адам денесінің патшасы"туралы айтылар, сөз де, ой да көп.Ал мен өз ойымды қысқаша ұлы Абай атамыздың он жетінші қара сөзімен жеткізгім келеді."Мен таза болсам,адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын-мен,әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаешылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады". Иә, расымен-ақ, болса, "толық адам" бола аламыз деп ойлаймын."Тіл жүректің айтқанына көнсе,жалған  шықпайды"деп дана һәм дара халқымыз бекер айтпаған.Сондықтан таза жүректі жан болайық!