Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес
блог
"Шебердің қолы көпке ортақ" - деп айтқандай ауданымызда Таңатар Абдикерімді танымайтын адам жоқ шығар. Қазіргі таңда ұстаздықпен бірге, ағаш шеберлігін, омарта ісін, қатар алып жүрген ауылдасым Абдикерім Таңатар Жұмабекұлы мен сұхбаттасқан болатынмын. Сұхбат кезінде ұстамыздың сегіз қырлы, бір сырлы, еңбекке жаны құштар адам екенін білдік. Бір таңғаларлығы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берседе, әдебиет, тіл, психололгия тұрғысынан білері көп екен. Сұхбат барысында ерекше туындыларының құпиясымен де бөлісті. Сұхбат барасындағы сұрақтарға еш ойланбай, бірден шеберлікпен, берген жауаптарына назар аударсақ.
- Сіз бірнеше жыл бойы педагог қызметін, ағаш шеберлігін, омарта ісін жүйелі қатар алып келесіз. Үш бірдей жұмысты қатар алып жүру, уақыттың тапшылығы сізге қиындық туындатпайма?
- Мен өмірге қызығушылық пен қарайтын адаммын. Жұмыстарым маған еш қандай қиындық туындатпайды. Мен уақытты жоспарлауға үйренгенмін, соған дағдыланғанмын, уақытымды жоспарлай білемін, сол уақытты тиімді пайдаланып, барлық іске үлгеруге тырысамын.
- Жалпы қанша жасыңыздан бастап ағаштық шеберлігімен айналысып келесіз? Бұл жолда сіздің мотиватор, қолдаушыңыз кім?
- Мен бала кезімнен бастап ағаш шеберінің жұмысын көріп өстім. Үйімізде шағын ғана шеберхана болатын, сол шеберханада менің әкем қысы - жазы, күні - түні еңбектенетін. Түнгі сағат он екі, екіге дейін ағаштан әр түрлі бұйымдарды жасайтын. Мен бала кезімнен бастап, ес білгелі сол шеберханаға қарап жүріп, көзім пісті содан кейін шеберлікке қызыға бастадым. Мотиватор деп қарастырмаймын, мен өмірде Бауыржан Момышұлының сөзін ұстанатын адаммын. "Ешкімді пір тұтпа" - деп айтадығой, менде ешкімді пір тұтпаймын, бірақта, негізін қалап, үйретуші ол менің әкем. Ол менің қолдаушым, әрбір ісімді бағалайтын, қолдайтын сол кісі.
- Сонда сіз ата кәсібін жалғастырып келесіз, яғни, сізді шеберлікке баулыған әкеңіз.
- Иә, дәл солай. Менің әкемнің үнемі айтып отыратын бір ауыз сөзі бар "өмірде жұталмайтын дүние болса ол - өнер" деп, әсіресе қол өнері. Қол өнері маған 1% ол қанмен келген қасиет болса 99% өзімнің шыңдалуыммен келген еңбектің арқасы деп ойлаймын.
- Ағаш шеберінің басты қаруы, басты білуі тиіс нәрселер не деп ойлайсыз? Қазіргі уақытта осы ісіңізді дамыту барысыында басқа өңірлерден тапсырыс қабылдайсыз ба? Көп сұранысқа ие тапсырыстарыңызды атасыңыз.
- Ағаш шеберлігімен айналысқан адамға біріншіден төзімділік керек, одан кейін, әр бір дүниенің көңілге сай жасалуын қадағалау керек.
Қазіргі таңда біз ағаш үйлер дайындаймыз, сонымен қатар сол ағаш үйлердің материалдарын дайындаймыз, ол мынау көрші аудандарға кең таралған. Соның ішінде Панфилов ауданында және де Еңбекшіқазақ аудандарына тапсырыстар бар. Осыдан екі жыл бұрын мен ағаш астаулар дайындадым, ертоқымдар шаптым және ағаштан қасықтар жасап жүрдім. Ағаш қасықтарға, ертоқымдарға бізге тапсырыс Ақтау, Атырау атты қалалардан сонымен қатар Алматы қаласынан да аудандарынан тапсырыстар келіп түскен.
- Әр жұмыстың қыр - сыры, құпиясы болады. Сіздің де ешкім білмейтін жұмысыңызды ерекше етіп тұратындай әдіс - тәсілдеріңіз бар шығар, солармен бөліссеңіз.
- Иә, әрбір істің өз ерекшелігі, еш уақыта айтылмайтын құпиялары болады. Мен қазір соның біреуімен ғана бөлісе кеткім келеді. Біздің ағашшылық кәсіпте ұстанатын бір құпиямыз бар, ол ағаш кептіру кезінде. Ағашты кептіру кезінде "Сумен кептіру" атты тәсілді қолданамыз. Ол тәсіл, біз қараағаш ағашын кесіп дайындағаннан кейін, оншақты біз судың ішіне кесіп дайындап қоямыз. Сонда ағаштың барлық тұздары, минералдары шығады, содан кейін ағаш жарылмай сол қалпында кебеді. Бұлда бір ағашшылық ісіндегі құпия деуге болады. Сонымен қатар әр түрлі құралдарды қайрау барысында да құпиялар бар, "оң қайрау" , "тетір қайрау" деген түрлері бар. Ол да бір әдіс тәсіл, құпия болып сақталады.
- Сіздер материалдарды қайдан аласыздар? Сатып алынама әлде ауыл шаруашылығынан, таулардан өздеріңіз алып келесіздер ме?
- Бізде көбінесе көрші ауылдарда ағаш кенсіп дайындайтын кісілер бар, көбінесе солардан аламыз. Ал ағаш бұйымдарға келген кезде ағаш бұйымға материал таңдау өте қиын. Оны таңдау кезінде бұтағы жоқ, ешқандай кемшілігі жоқ материал таңдау керек.
- Жас ағаш шеберіне, ағашшылықты енді ғана бастаған жандарға берер кеңесіңіз?
- Еш уақытта ерінбеу деген кеңес беремін. Әрдайым еңбектену керек, бір бұйымды ғана жасап қоймай сол бұйымды қайталап жасау арқылы шеберліктің шыңына жетуге болады.
- Сұхбат соңында, шәкірт тәрбиелеп отырған, ұлағатты ұстаз ретінде жастарға, келешек ұрпаққа айтар ақыл, кеңес насихаттарыңыз болса.
- Бірінші кезекте көбірек оқу, білім жинау, аз да болса жетістікке жеткен адамдармен әңгімелесу және сол адамдардан өмірлік тәжірбие алу. Уақытты бағалай білу.
Ешқашан уақытты бос өткізбе әр бір сәтті бағала. Уақыт - ең үлкен құндылық. Осы тұста ағылшындардың мынадау бір көне мақалы бар: " Кім ерте жатып, ерте тұрады, соған денсаулық, бақыт және сәттілік те қонады", - деп жауап берген болатын.
"Адамның сөйлеуі оның болмысын көрсетеді" - деп бекер айтпаса керек. Сұхбат барысында тіл өнерін қосып, ерекше жауаптар қатқан, жұмысының қыр сырларымен бөліскен Абдикерім Таңатар Жұмабекұлына, әрдайым еңбегіңіз жана берсін. Ісіңіз оңға басып, әр қадамыңыз қарымды болып, ел - қоғам алдында абыройыңыз арта берсін дегім келеді. Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға алғысымды білдіремін. Өсе беріңіз, өне беріңіз жаңа туындыларыңызбен жетістіктерге жете беріңіз.
Бахитжанова Халимям Бахитжановна