Жігіт деген...

Жігіт деген...
жеке
блог

Меніңше,өмірдегі бар жылтырақ,әдемілік әйелдерге тән сияқты. Алла бізді "еркек", "әйел" етіп бекер жаратпаған ғой. Бірақ,ол "еркекпіз" деп кір-қожалақ,қап-қара,күтімсіз болып жүру деген сөз емес. Қыздарға ұқыпты ұлдар ұнайды.Және де жігіттер ұстамды,сабырлы,төзімді болса жарасып-ақ тұрады. Қызба мінез жігіттер,мысалы,маған жат көрінеді. Сонымен қатар: өзі,сөзі ,еңсесі,бет-бұрысы ,мақсаты дұрыс болса-нұр үстіне нұр.

Негізі, жүзік ,алқа тағатын жігіттерді (аға,көке,әке болсын) ұнатпаймын. Мейлі ол алтын болсын,мейлі күміс болсын. Үйленгендігін білдіретін сақина болса жөн екен.Нәзік жандылармен қатарласып, қос-қостап әшекейленіп жүретін азаматтарды түсінбей өтетін шығармын. Бірақ,әркімнің талғамы әртүрлі ғой. Мүмкін,қыздардың бір бөлігіне ұнайтын да шығар. Ұлдарды бағалы бұйымдар емес,мінезінің сұлулығы,сырт келбеті, өзіне деген сенімі мен әйел затына деген сыйластығы әсемдейді деп ойлаймын.

Қыздар, келісесіздер ме?