Жетістіктің формуласы
блог
Бір күні бір топ бақа тастың үстіне шықпақшы болады. Бірақ тас тым биік екен. Өрмелегендері тайып жығылып, құлап қала беріпті. Секіргендерінің бойы жетпепті. Тек бір бақа ғана тырмысып, әзер-әзер әлгі таста жабысып тұр екен. Мұны көрген өзгелері оны мазақтап күліп:
- Мұныңнан түк шықпайды. Қазір құлайсың. Одан да жерге түс, - десіпті. Бірақ қайсар бақа әрі қарай өрмелей түседі. Ақыры, арада екі сағат өткен соң, тастың үстіне аман-есен шығыпты. Сөйтсе, бұл бақаның құлағы саңырау екен...
Кішкентай ғана мысал. Кейде бір мақсатыңды орындауға бел буып, жетістікке ұмтылсаң, саған бағыттала айтылатын бос сөздерді құлаққа ілмеу керек. «Қолыңнан түк келмейді. Бәрібір оны жасай алмайсың» дейтін адамдар – түсінігі таяз, төмен кісілер. Өздерінің қолдарынан ештеңе келмеген соң, сенің де жігеріңе су құйып, екпініңді басқысы келеді. Егер сен шынымен тәуекел етіп, іс бастасаң, міндетті түрде дегеніңе жетесің. Адам баласының бұл дүниеде қолынан келмейтін іс жоқ. Ойлағаныңды іске асырудан басқа дүниені ойлама! Өз өміріңіздің авторы – сіз,өзіңіз! #күнделік_кеңес