Жетістікке жете алмаймын!

Жетістікке жете алмаймын!
жеке
блог

Егер қандай да бір жетістікке жеткіңіз келсе өзіңізге мына 4 сұрақты қойыңыз.
Неге?
Неге жоқ?
Неге мен емес?
Неге қазір емес? .

Осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?  Неге сіз қатарыңыздың алды болып,жаңашылдыққа бет бұрмайсыз? Жұрттың баласы деген сөзден жалықпадыңыз ба?
Менің ойымша кез-келген адамның қолынан ойлаған нәрсесі келеді.Адам жасағанды,адам жасайды дейді ғой. Біздің бойымызда тек қорқыныш қана бар.Алға ұмтылып,мақсатқа қадам басу емес. Қарапайым өмірден мысал келтірейін.
Мен әр түрлі видеолар түсіріп,инстаграмда белсенді болғым келеді.Өзімді дамытқым келеді.Бірақ,менің тіркелушілерімнің ішінде сыныптастарым,туыстарым тағы да басқа адамдар бар.Бір сторис түсірсең,"Блогер болып кеткенсің бе?","Звезда болып кеткен" деп айтады деп,сол негатив пікірден қорқып өмір сүреміз.
Міне қарапайым осы мысалды алсақ.Олар айтады.Қояды.
Өзгеретін-СІЗ.Мақсатқа жететін-СІЗ!

Ешқашан.Ешқандай өзгерістен қорықпаңыз. Болашағыңызды бүгіннен бастаңыз. Сізде бәрі болатынына сеніңіз.Ойыңыздағы негатив пікірлерлі жойып тастаңыз.
Ата-анаңыз "МЕНІҢ БАЛАМ" деп мақтанатындай дәрежеге жетіңіз