Жетімдер...Балалар үйі деген сөзді естігенде жүрегім қарс айырылардай болады.Ананың аялы алақанын көрмей,ыстық маxаббатын сезінбей жүрген балалар қаншама.Тіпті саусақпен санауғада келмейді.Өкінішті...
Неге,неге деген сұрақ жан-жағымнан шымшылап,мені айт,мені айт деп маза берер емес.Кейде үйде жалғыз қалғанда,оңашада қабырғада ілінулі тұрған ата-анамның суретін көріп,бір сәтке ойланып қаламын.Көп жағдайда қолда бар алтынның қадірін білмей жатамыз.Ата-анам мені қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп бақты.Әлі де менен барын да,нарын да аяр емес.Жетім балаларды көргенімде ата-анамның жанымда екеніне шүкіршілік етемін.
Бала арманы тек қана анасы мен әкесінің жанында болу,олардың маxаббатын сезіну.Ешкімге керек емеспін деген қорқыныштан айырылу.Есік жаққа сығалап қарай жәутеңдеген көздер,дүрсіл атқан жүректер.Әр таң сайын мені алып кетеді деген ойлар.Осының бәрі бір ғана емес,мыңдаған сәбидің арманы.
Бірақ,әттең...Осыны түсінген ана,осыны түсінген әке болса ғой.Жо-жоқ мен қателесіп отырмын.Өз бауыр еті баласын тастап кеткен адамды,мен қалайша әке,қалайша шеше деп атап отырмын?.Қаншама нәзік жандылар бір ғана сәбиге зар болып,ақшасын емделуге,яғни,құрсақ көтеруге құртып жүр.Ал ақшасын далаға тастамайтындар,баласын далаға тастап отыр.
Ал қаншама сәби шет ел асып,өз елінен,жерінен жырақта жүр.Әрине,бір жағынан бұл да дұрыс па деп ойлайсың.Ешкімге керек болмай жетімдер үйінде тәрбиеленгенше,шет ел асып бір отбасыға жылу сыйлап,бары да,нәрі де болғаны дұрыс.Ал екінші жағынан өзінің кіндік қаны тамған жерде,өсіп,тәрбиеленгені дұрыс-ақ.
Әр қазақ менің жалғызым демекші,жетім балаларға демеу көрсетіп,балалар үйіне барып тұруды ұмытпайық.Бұл балалар жалғыз емес.Себебі бұл балалардың әкесі мен анасы xалық.