Жеңіс туы желбіреп
блог
Туған жердің әрбір тау тасы құпия, сыры мен жыры ашылмаған тарихи сәттердің куәгері. Қойнауында қаншама ұрпағының сүйегін сыйғызып, қаншама батырының көз жасын сіңірген алып сахара даласы ол «Қазақстан». Бабалар аманаты мен дәстүрлер жалғасын арқалаған киелі топырақтың бүгінгі бақытты ұрпағы бабалар аманаты мен дәстүрлер жалғасын арқалаған киелі топырақтың бақытты ұрпағы біздер мен сіздер. Санаулы ғұмырын сан қилы себеппен жерге сыйлаған кешегі батырлардың ұрпағымыз.
Жеңіс-қазақ даласына оңайлықпен келген жоқ. Шелектеп аққан қан мен жаңбырдай тамшылаған термен келді, бұл баянды бақыттың құнын қазақ баласы етене түсініп, қадір тұтып, қасиетін сақтауы қажет. Олай болмаған жағдайда жалғанның жалмауыз жаһанына жем болып, «қазақ» атты киелі атауды сөндіріп аламыз. Жеңіс туы көкте қалықтап көк аспанның сәнін келтіргелі 30 жыл да болып қалыпты. Қазақстан өз тәуелсіздігімен бақытты, һәм баянды. Қазақ-ғажайып өмір сыйлаған батыр бабаларымен, қазақ атты ұлы даласымен әлемге әйгілі.
Ендігі жеңіс туын көкте желбірету, отанымыздың жалындаған жастарының қолында. Ол жеңіс енді қанмен, жанмен емес, біліммен және ақылмен келеді. Әлем сұранысы солай. Білімді жастарға бай ел ғана күллі ғаламды билеп, дәуірді өзіне бұруда. Біздің де ол статустан көрінуге мүмкіндігіміз де, жігеріміз де жетерлік, тек әрекет болса болғаны. Жеңіс туы-жемісті, келбеті көрісті, өркениеті өрісті жаңа Қазақ елін жаңа президентпен бірге құруға ат салысайық. Қазақстан-ол мәңгілік тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы.