Қазақ халқы ежелден «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» дастанын 15 түн тыңдап, 15 күн жырлаудан жалықпаған. Өмір керуені жылжып жатса да, аялдап тұрып тыңдаған халық үшін өлең-жырдың алатын орны ерекше. Киелі өлең тыңдаған жанның құлағына кіріп, делебесін қоздыра білген . Сол үшін де жыр-өлең аяулы және қастерлі.
Ал бүгінгі таңда қастерлі өлең өз қасиетін сақтап қала алды ма? Тарих беттеріне үңілетін болсақ, бастары қосыла қалған қазекең нақышына келтіріп әр сөзін өлеңдетіп бастаған. Ол ол ма, ханның алдына келген уәзір де келелі сөзін мақалмен мақамдап жеткізген. Өлең оқуды сүйген халық оны тыңдауды да сүйе білген.
Бүгінгі таңда өлең-жырдың алатын орнын зерделеу үшін бірінші өмірдің бөлшегіне айналған ғаламтор желісінен бастау керек. Қазіргі ғаламтор желісінде жыр-өлең алдыңғы қатарда ма?
Әлеуметтік желі қолданушылар жеңіл сөзге әуес болса да, ұйқасты өлеңге назар салмай кетпесі анық. Күннен күнге жаңа мәзірмен өлеңдер шығып өзекті тақырыптың қатырынан табылуда. Жырдағы тұнық сезімді оқыған қарақаттай көздер мөлдіреп қалғанын көріп те жатамыз. Ғаламтор белсенділері тіпті ұнаған өлеңін достарымен бөлісіп жатқанын талай рет көз көрген.
Бірақ бүгінгі күнді өткен күнмен салыстырған болсақ, әрине, өлең-жырдың шарықтаған кезеңі үшін өткен күн жеңер еді. Бұл дегеніміз қазіргі таңда өлеңнің қолданыс аясы тарылды деген мағына. Ауыз екі айтылар сөздерге үңілсек өлең-жырдың орны жаргон сөзбен толған. Бұған алдымен –кітап оқымау кедергі болса, екіншіден адамның санасы жеңілге әуес болуы өлең жолында кесе көлденең жатыр.
Тіпті өлең емес, мақалды түсінбей тұрған ұрпақты көргенде болашаққа үлкен қатер төніп тұрғандай күй кешетін болдық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақалмен шешетін халықтың бүгінгі ұрпағы естіген мақалдың мағынасын сұрайтын халге жетті. Ал бұл риторика саласына кесірін тигізбесе, шарықтатып кеткен жоқ.
Бұл ұлттық құндылықтарымыздың дәрежесі төмендеп кеткені еңсені де төмендетуде. Ұлттық құндылықтың құндылығын жоймау үшін медиариторика пәні керек екендігіне тағы мәрте көз жеткендей болды.
Жеңіл сөзге әуес болған сайын, кеудеміздің қуыс екенін дәлелдеп жатқан сияқтымыз. Сондықтан бай тіліміздің байлығын жоймайық!