Жемқорлық қоғамның өзекті дерті
жеке
блог
блог
Қазіргі таңдағы жағдайды бағымдап қарасақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігіне кері әсер ететін бір қатар мәселелердің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Қоғамның дамуына кедергі келтіретін аса қауіпті құбылыстардың бірі – сыбайлас жемқорлық болып табылады және ол елдің саяси, эканомикалық және әлеуметтік мәселелеріне кері әсерән тигізеді. Осыған байланысты, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру және құқықтық іс – шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлеке пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықпен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Қызмет құзыреті бойына Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар – намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі бәрімізге айқын. Атап айтқанда, ол сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнаманы, құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету бойынша арнайы шараларды жетілдіруге құқық қорғау және сот жүйесі қызметін оңтайландыруға, азаматтық қоғаммен өзара әрекетке, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Сондықтан да, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбалас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.
Ахтанова Айшабибі
Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ
2курс студенті