Жазушымен жүздесу Нұрдаулет Ақыш

Нұрдаулет Ақыш секілді алып тұлғамен кездесу менің жан дүниемдегі қарапайымдылық пен сыпайылылыққа деген махаббатты одан әрі ірілендірді,  арттырды.   Ғалымнан көркем мінез бен қоршаған ортаға, қоғамға деген нағыз эстетикалық көзқарасын байқадым. Нұрдаулет Ақыш жазушы, редактор, сценарист, ғалым болу жолындағы қиындықтармен бізбен бөлісу барысында, ол кісінің күзетші болғанын естіп қалдым. Осы мезетте Ақышты Әл-Фарабимен ұқсатықтарын аңғардым.  Екі ғалым да күзетші бола жүріп, түннің қара жамылған кейіпіне қарамастан, сығырайған шамның сәулесін жарық қылып, білім шуағына бөленген. Ғалымдырың екінші бір жақын қырлары, ақкөңіл бола біруінде.

Әл-Фараби туралы толық деректі араб тарихшысы, дәрігер-ғалым Ибн Әби Усайбиға береді. Ол: «Әбу Насыр ақкөңіл, салиқалы, ойлы, жер үстінің уақ-түйек күйбеңін күйттемейтін, азға қанағат, барға тәуба қлыған дана. ... Әл-Фараби бірінші рет Дамаск бағының күзетшісі болған. Ол сонда отырып фәлсафамен айналысты. Таңертеңнен кешке дейін соған қарап шұқшиып отыратын. Осы пәннің мағынасының түсінуге қиын жерлерін ашты. Тіпті ол науқастанып жатып та, түн кездері болса да кітап оқитын, көңіл-күйін кітап оқумен аулаушы еді. Ал шам таңға дейні жанып, оған түнгі сақшыдай қызмет ететін. Осылай күндер өте берді. Күндердің күнінде ол ұлы ғалым болды» [1]  - деген жолдардан түйгеніміз екі ғалымның тағдыр ұқсатықтары, Әл-Фараби  болсын, Нұрдаулет Ақыш  болсын нұрға толы білім алу жолында түрлі жағдайлардан жол таба білген.  

Сұқбат барасында Әл-Фарабидей түн ұйқысын жаузыға, білуге арнаған осындай жаушының еңбектері, әңгімелері неге көпшілікке қолжетімді емес деген сауал мазалады! Неге жұртшылық баратын сауда орындарында біздің отансүйгіш жазушыларымыздың туындылыры жоқ? Егер біз шын мәнінде ұрпағымыздың елім, жерім, туған топырағым деп өскенін қаласақ осы мәселенің шешімін тапсақ игі.

Келесі мәселе Нұрдаулет Ақыштың оңайшылықпен өтпеген тағдырына байланысты болмақ. Кез-келген «жазушы» деген атқа сай өнер иесінің өмір белестері, басынан өткерген жағдаяттары, ғұмыры тартыспен, қиын таңдаулармен өтетіндей. Ақыштың айтуы бойынша ол кісінің алдында жазушылық не тұрмыс, күйбең тіршілік шаруалары тұрған екен. Әлбетті, елдің сөзі жай күйіңді түзе демей ме? Соған қарамастан, Нұрдаулет Ақыштың беті жазушылыққа бұрылды. Бұл шешімді жеке басына лайық көргенімен де ұрпақтарына жазушылықа ден қоюды ұсынбайтыны тағы бар! Оның себебі айтпаса да түсінікті болар, қазіргі билік басы білімнен өзге дүниелерді құп көргенен бе, әлде қу дүниені табу барысында бар ынтамызды соған бұрдық па, әлде басқама ма, әр қилы жағдайлар нағыз жазушылармызды бағалай алмауға итермлеп жатыр.

Саф, таза, нағыз жазушы дегеніміз сізше кім? Олар қоғам қалауын қанағаттандаратын жандар ма әлде жер бетін пана еткендердің жай күйін, қайғы-мұңын, өкінішімен, ренішін, қуанышын, үміті мен үрейін шебер түрде сурттеп, болмысынан ажыратпай бейнелей алатындар ма? Екінші нұрқасына Нұрдаулет Ақыштың шығармашылығы ұштасады. Оның туындылары шынайлық пен ақиқаттың айнымас айнасындай! Ғалым әрі жазушының өз сөзімен сөйлейтін болса: «Өз басым көркем бояуларды көптеп қолданбаймын, қалай бар сол қалпында жазамын. Не бір жазушылар сөз өнектерімен туындыларын бояп жатады, алайда менде ондай жоқ, менің жолым шындыққа жанасатын дүние», - деп айтқанынан шығармашылық шынайлықты байқаймыз. Осы сөздерге дәлел бола алатын Нұрдаулет Ақыштың «Бейуақта жанған от» болсын,  «Таңдамалы шығармалар жинағы» болсын әрбірін ақыл сүзгісінен өткізсеңіз, айқын өмірдің өзін көресіз.  

Нұрдаулет Ақыш жазушылыққа қалай келгенін өз аузынан естіп білсек: «Жас кезден жазушы болуды армандадым. Алғашқы шығармаларымды мектеп қабырғасында бастауыш сыныпта оқып жүргенімде жазғанмын. Бірақ олардың ешбірін баспаға ұсынған жоқпын. Көпшіліктің назарына ұсынардай емес шығар деп ойлайтынмын. Кейін 9-сыныпта жүргенімде бір повестің нобайын түсіріп қойғанмын, бірақ ол да өз қоржынымда қала берді. Сол баяғы әлі піспеген шығармам деген түсініктің салдары. Сонан бергі замандарда жеткіншектерге арналған «Момақан қыз» деген кітабым жарыққа шығарда көлемі толмай қалыпты. Соған орай баспа басшыларынан тағы да туындыларымды беруімді сұраған қоңырау түсті. Бұрын жарияланып қойылғандарды қайта ұсынғым келмеді де, қоржынымды ақтардым. Сөйтсем, баяғы 9-сыныпта жазған повестімнің қолжазбасы табыла қалғаны. Үстінен бір қарап, кей тұстарын сәл өңдеп, ұсына қойып едлім, редакторларға ұнады. Соған қарап ойладым, оқушы кезімдегі жазғандарымды да баспаға ұсынсам, әдебиеттің талаптарына ептеп жауап бере алады екен ғой деп» [2] – деген сөздерден байқағанымыздай бойында жазуға деген қабілеті бар адам қай заманда жазбасын туындысы халыққа өтімді болары анық.

Сұхбат барысында да жазушы әрі ғалым ағамыз жазушы болу үшін бойымызда талант болу керек, олсыз қанша теориялық біліммен қарулансақ та, жазғанымыз жарамас дүниеге айналатынын ескеркен болатын. Яғни адам жазам деп туылмайды, алайда жазу оның бойында болуы қажет екен.  Сонда ғана жазушы елдің халін, күйін, жағдайын көркем шығармамен  суреттеп, керемет үйлесміділік байқата алады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1.      https://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/al-farabi-nege-qaiyrymdy-qalada-turudy-armandady-2202/#gsc.tab=0

2.      https://zau.kz/nurdaulet-akysh-abay-zholyn-3-synyptan/



Бөлісу: