Жазғырма мені!
жеке
блог
блог
Туыпты жаңа ай тағы да,
Отырмын жабыға, жалыға.
Өлеңдей жалғызды бір Аллам,
Сыйлапты бұйыртып бағыма.
Тұтқын боп отырмын үйімде,
Жабыққан, торыққан күйімде.
О, өмір, өтінем бір сенен,
Қара бұлт басыма үйірме!
Жек көрмей бәрінде құшаққа ап,
Жүруші ем, барамын ұзақтап.
Адамдар, о, неткен, сұмдық-ай,
Жандарын жіберген ұсақтап,
Жағымсыз қылықпен арбасып,
Келеді күндері жалғасып,
Биікке шығам деп тырмысып,
Сан өмір келеді жармасып,
Адалдық бойымда орнаған,
Тек жақсы тілекті жолдаған.
Қашанда қым-қуат шақтарда,
Ақылым арымды қорғаған.
Сан неше аттаған қадамның,
Ізіне ойлана қадалдым.
Жазғырма, сен мені қатал деп,
Ертеңін ойлайтын адаммын.