Анау бір күні бөлмемнен шығып бара жатсам алдымнан шытырман оқиғалардың бел ортасында жүретін, әлдебір ауданға ақиқаттың не екенін түсіндіріп беруге құштар журналист апам шыға келді. Өзге адамдарға қарағанда ежелден танитын кісім болған соң қарынымның ашқаның айтып қолқаламаймын ба, іле сөзге келместен "жүр" деп қонақ етті. Алдыма адал асың қойып, ризат еткен еді. Сол жолы дастарханнан ас қайырып алғыс айтып кеткен болатынмын.
Жатақхананың жақсы жері сөзін жарасса кез-келген дос-жараңнан ауқаттанып шығуға болады. Сонысы рахат! Айтпақшы ретті жерінде айта кетейін "тойған жерге тоғыз бару" әдетімде жоқ. Дегенмен Амангелдінің топырағынан жаралған бір бауырыммен өзімізше торуылға шығатынымыз бар. Тамақ анду үшін емес, табиғатынан ұяң досымызға қыз таңдап берсек пе деп ойлағанбыз ғой. Екеуміздің мақсатымыз ортақ досымыздың қамы)). Сондай жүрістердің бірінде амангелділік досым әлгі апамның бөлмесіне барып қайтайық деді. Сырттан таныстары келсе керек. Таныстырайын, амандасып қайтайық дегендей. Үстімдегі киімімнің сәні келіп тұрмаса да қарсы болмадым...
Барсақ журналист апаларымның саны біреуден екеуге өсіпті. Ол кісі де әккі, тәжірибелі журналистердің бірі болатын. "Аңсар" шығармашылық байқауының марапатын иеленген одан бөлек Қостанай таңы газетінің 2014 жылғы лауреаттарының ең жасы. Болашақта мықты журналистердің бірі болады деген сенімдемін. Әзіл-қалжыңымыз бар, аралас құралас апаларым ғой мәз болдым көріп. Былайша айтқанда достарым! Қоңақтарға арнап әдемі дастархан жайыпты. Тағамдарының дәмі тіл үйіреді. Отырыстың антрактынан кейінгі бөлімін шемішке шағып, қызық әңгіме айтумен өткіздік. Арасында әдеби қақтығыстар да орын алып жатты. Сөз ауаңы өлең- жырға ауа берген тұста Міржақыптың:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі
- Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! -
деген өленің тақ-тақ еткізіп жібердім. Бір кісілер мә саған жауап дегендей қарымта өлең оқымасы бар ма. Кей жерде шала-пұла айтып жүрген Мұқағалидың
Шын махаббат қарамаудан жаралады
Мейлі ол қарамасын, түсінбесін
Осылай асқақ болып кішірмесін
Бастан ауып бара жатқан тал тұсымда
Тағдырым көлеңкесін түсірмесін
Қазір түн, көктем түні маужырап тұр
Отырмын жазбай, сызбай қалжырап құр
Тереземнің алдында кәрі қайың
Көктей алмай бұтағы салбырап тұр
Ай, қайран күндер, сайран күндер…-
деген жолын бір кісімен қосыла айттым. Ілезде ана жер әдебиет алаңында сынға түскен жүйріктердің мекеніне айналып кетті. Тағы бір ретті жерінде қостанайлық Жандос есімді ақын өлеңдерінің біріндегі:
Сезім,
Реніш,
Шаттық,
Мұң,
Үміт,
Күдік —
бәрін уақыт сүртуде (ұмыттырып).
Саған бекер сыйладым сол гүлдерді,
тірілмесін қайтадан біліп тұрып! -
деген шумақтарды төгіп салдым. Жұрт тып-тыныш. Одан соң әңгімеміз әзіл-қалжыңға, бос сөзге қарай ойыса түсті. Не керек бір-біріміздің көңілімізді көтеріп, әзіл-қалжың айтысып шемішкені де, coca-colaны да тауыстық. Достардың арасында ойнап-күлгенге не жетсін деп шығып кеткен едім. Көптен бұлай қуанбаған екенбіз ғой.. Досыма әлгі екі апамды мақтап, риза болып кете барғам сол кезде. Сол шақта.
Көп емес. Арада бір не екі күн өтті. Кешқұрым. Жатақханада жөнкілген студенттер дабыры естіліп жатты. Кенет көп адам мазалай бермейтін 542 нің есігін біреу қағады. Ашсам сол амангелдінің топырағынан жаралған досым кеп тұр. Кіргізіп алып ананы-мынаны айттық. Ұяң досымызға әлі бір қыз тауып бере алмағанымызға екеуімізде өкпеліміз. Жә, не керек жазатын дүниелерім болған соң досымды шығарып салып есікті енді жаба бергенімде оның ана жолғы журналист апаммен кезігіп қалмасы бар ма. Қолындағы тәтті-мәттіні көріп қызығушылық танытады. Оны байқаған қыз досымды өздерімен отыруға шақырады. Шіркін нағыз жігіт деген, дос деген осындай болса керек:
"- Жанболат" - деп айғайлаған дауысың құлағым анық шалды. Шығуға оқтала бергенімде журналист апамның:" - Ееей, түүүш. Шақырмашы оны" деген сарыңды қарсылығын естіп жым болдым. Досым да бір-түрлі болып кетіп бара жатты. Таңғалдым, түсінбедім... Артынша ұмытып кетіппін сол жәйтті. Мүмкін есіме түсірмес те едім, бүгін универде журналист апамның журналист құрбысымен "сәлемдессем" үн қатпайды. Жалынып, жалбарынбадым кете бердім. Сол кезде тағы ойланып қалғаным. Бұл дегенім ренжігенім емес, біріншіден. Ана жолы амангелділік досымның алдында ыңғайсыз жағдайға қалып қойған болсам, бұл жолы астаналық досымның жанында қолайсыз жағдайға түстім. Бұл не қылғаны, неге үйтеді? Дым түсінсем бұйырмасын.
Әлде қонақ бір күн қоңсаң құт, екі күн қоңсаң жұт, үш күн қоңсаң зыт деген мағынаны үстемелеп бергісі келгендері ме. Жоқ, әлде "киіміне қарап күтіп алады, біліміне қарап шығарып саладының" кері ме? Олай болғанда үсітме барымды іліп баруым керек еді. Сол кезде олар мені үшінші рет қонақ етуден қашпас па еді, мүмкін болса бірінші болып өздері амандасар ма еді. Мен сонда бұрыннан таныс достарыммен ойнап-күле алмасам кіммен әзілім жарасады? Қап, өзімнен де бар! Неге костюм киіп бармадым десейші...