Жасөспірімдерге арнау!!!

Біз 17-18 жасар өзімізше ересектерміз :)
Әркімнің өз өмірі,қайғылары және махабаттары бар.Мен же солардың бірімін.Уақыт артына қарамай алға қарай,болашаққа қарай зымырап жылжуда,заман өзгеруде,заманға қарап адам да өзгереді.Өмірімде неше түрлі қуанышты да,қайғыны да көрдім,Қайғы? Жо-жоқ Алла сақтасын оны қайғы деп те айтуға аузым бармайды,жәй кішкене ғана мұңайтатын кездер ғой.Міне сондай кішкене ғана мұңайтатын нәрсені қатарластарым түймедегіні түйедей етіп,жылап,күрсініп,және ең сорақысы өз өмірлерімен қоштасып жатады...

Менімен қатарлас құрбы-құрдастарым!
Өмірлеріңде бір мұңайтатын кездер болса,Құдай үшін мойымаңдаршы,сабырлы болыңдаршы,егер де ол да көмектеспесе сендерге жаутаңдап үмітпен қарап отырған әке-шешелеріңе қараңдаршы,сендер үшін шын күйінетін де сүйсінетін де солар ғой,ең құрымағанда солардың қартайғанда аяқтарын жылы суға салып отыратындай,еш алаңсыз немерелерін еркелетіп отыратындай өз-өздеріңмен қазірден бастап жұмыс істеп болашаққа қарай нық сеніммен қарайтындай болыңдаршы...
Себебі өкініштің артынан әрдайым қуаныш келеді,себебі бұл жалған өмірде бәрі алма-кезек жүреді.
Бұл дүние Алланың берген бізге сынағы,соны ұмытпасаңдар,жақсылық жасап,тура жолға түссеңдер Бүркіт пен Аишаның өлеңіндегідей "Бәрі бәрі бәрі жақсы болады" Ал,бәріңді құшақтадым,ізгі махаббатпен Үйде Жатқан Әжесінің Саматы:)



Бөлісу: