Жанжалсыз жанұя.

Жанжалдардың көпшілігі болмашы себептен туындайды.Болмашы нәрсеге сын айту,кемшілік іздеу,ал екінші тарап бұл айтылғандарға артығымен жауап қайтару,соңы ашулануға,жанжалға ұласады.Жанжалдарда екі тарап та менікі дұрыс деп тұрады.Ондай үйде жанжал біте ме? Көбінесе жанжалдарда кінә екі жақтан да болады.Біреуі үндемей қоя салса,кешірім сұраса жанжал ұлғаймайды.Ертеде өзара сыйластығымен, татулығымен танымал болған отбасы болыпты.Ол үйде ұрыс-керіс болғанын ешкім көрген емес және расында да бұл отбасында жанжал болмаған екен.Қартайған шағында кемпірі ауырып төсек тартып жатып қалды.Қайтатын күнінің жақындағанын сезген кемпір шалына қарап"Білесіз,осы күнге дейін мен сізден ешнәрсе жасырған емеспін,тек бір ғана құпия ұстаған дүние бар еді",деп бір құтыны береді.Құтыда екі дана тоқылған шұлық және өте көп мөлшерде ақша бар еді."Мен келін болып түскенде әжем күйеуіңе ашуланған кезіңде жауап қайтарма,ұстамды,сабырлы бол,ашуыңды басу үшін ұршық иір, шұлық тоқы деп өсиет айтқан болатын.Шал:"Құтыда екі шұлық болғанына қарағанда сен маған өмір бойы екі-ақ рет ашуландыңба?"деп сұрайды.Кемпірі"Мына ақшалар сатылған шұлықтардан түскен табыс"деген екен.Мұны естіген жұбайы көз жасына ерік беріпті.



Бөлісу: