Жан толғанысы

Жан толғанысы
жеке
блог

Өмір- тіршілік иелеріне берілген керемет сый! Иә... бұл жалпы ұғым. Бірақ сол кішкене ғана ұғымның ішіне үңілсең неше түрлі арпалыстарды көріп, жан айқайларды естуге болады. Жақсылық пен жамандық, алдау мен арбау, татулық пен араздық... қойшы, әйтеу толып жатқан қайшылықтар, қайнаған тіршілік. 

Әрине өмір болған соң неше түрлі адамды кездестіреді екенсің. Біреуі ашық-жарқын адал адамдар болса, ал екіншісі сені көре алмайтын күндестер... Жақсы адамдар сені демеп, қолдау көрсетіп, жақсы жол сілтесе, жаман адамдар сені орға жығудың амалын ойлаумен болады екен. Дәл осы сәтте Ұлы Абай атамыздың мына, бір шумақ өлеңі еріксіз есіңе оралады:

                          Сенбе ешкімге тұрсада қанша мақтап,

                          Қор қылады ішіне қулық сақтап.

                          Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

                          Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

Иә... Мына өмір дейтін арпалыста өзгенің айтқанымен жүріп орға түскенше, өз білгеніңмен жүріп өлгенің артық сияқты. Себебі сенің өмірің, сенің ішкі жан дүниең, сенің жеке мақсаттарың, сенің өмірге деген көзқарастарың ... Бәрі-бәрі ешкімді қызықтырмайды. Адамдар тек өз пайдасы үшін өмір сүруге айналған. Олар сені қалай пайдалансам екен деп, аш қасқырдай арандары ашылып, қай жерде дайын олжа табыла қалар деп, алақ-жұлақ етіп тіміскіленіп жүруді әдет еткен. Адам ретінде сыйлап, құрмет көрсетсең мұрынын көкке шүйіріп, кеудесіне нан пісердей кердиіп қалатындар да жоқ емес. Семіздікті қой ғана көтереді деген сөз осындайдан шықса керек...

Сонымен менің ұққаным "Еңкейгенге еңкей, ол әкеінің құны емес. Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес". Бірақ достар есіңізде болсын!!!!

                                Өсіңіз, жетіліңіз,тасқындаңыз,
                                Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.
                                Сен мықты, анау осал, мен орташа,
                                Бәріміз бір аспанның астындамыз....

                                Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,
                                Шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі.
                                Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс, 
                                Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді...