Біздің денеміз өзіміздікі емес,ол - бізге қарызға берілген.
Ол- жаратушының иелігінде. Жан мен тəн бірімен бірі тығыз байланысты.
Тəнің сау болса, жаның да сау.Оны артық мазақтауға,қинауға болмайды жəне
пайдасыз нəрселерге итермелемеуге тиіссің. Егер артық кетсең жазалауы оңай .
Өз тəніңді мұқият тыңдау керек. Ол- не істеу керек екенін өзі ақ айтатын,
адамның жай-күйінің қандай жағыдайда екенін білдіретін барометр.
Егер адам спортпен шұғылданса - ең алдымен өз денесі,өз тəні, өзі үшін жақсы.
Жетістікке жету немесе атын шығару үшін емес яғни сыртқы бойыңды күтсең,
ішкі күшің де күтіліп гармония теңдей болады деген сөз.
Адам өзіне күш түсіріп,өзін əлсіретуге жеткізбей өз денесінің үндестігін сақтағаны жөн.
Ол үшін- ұзақ уақыт аш жүрмей,асты уақытымен, асықпай шайнап жеп,
жайласып отырып ішкен дұрыс. Ас ішуге ешқашанда жеңіл қарамау керек.
Артық тою қажет емес.Тойғаныңды білу қиын емес,тəнің өзі ақ айтады.
Тəнді күтіп баптау керек. Олай етпесең бұл өмірден тез ақ кетіп қаласың.