Жалынды жастары қатары артуда.
Қазіргі таңда Үржар ауданының жалынды жастарының қатары артып келеді. Оның бірден-бір дәлелі:аудан жастары бірігіп әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жүр. Атап айтар болса, оқушыларды рухани әлемге тартып, поэзияға ден қойып, Қазақ елі үшін аса қадірлі “Қадыр Мырза Әлидің -80 жылдығына” арнап кештер , пікірталастар , “Сыр сұхбат “ оған қоса балалар үйіне шаттық, күлкі сыйлау мақсатымен “Тәтті күлкі” акциясын жүргізді.
Міне, аудан оқушыларының туған еліне деген махаббатымен кіршіксіз сезімдері емес пе? Әр бір күндерін қарттарымыз –асыл қазынамыз деп әже-аталарымызға көмек көрсетуді жөн санайды. Осындай игі бастамаларды ұйымдастырып, белсенділік танытып жүрген : Б.Момышұлы, Н.Крупская, І.Жансүгіров, Д.Тұрлыханов мектептерінің 8-9-10 сынып оқушылары. Менің пайымдауымша бұл жастар еліміздің дамуына кішкене болсын өздерінің игі шараларымен үлес қосуда. Әрбір атаулы даталарды Үржар ауданының Орталық кітапханасында яғни мешіттен кейін екінші киелі жерде тамырын кең жаюда.Жалынды жастарға толғай табыстар мен шығармашылық шабыт тілеймін!
Досмухамбетова Еркежан
Семей қаласы.