Жақсылық жасап жарысайық!!!

Жақсылық жасап жарысайық!!!
жеке
блог
Жақсылық жасау үшін сіз міндетті түрде бай, ақшасы көп адам болуыңыз қажет емес. Бастысы, сіздің тілек- ниетіңізде деп ойлаймын. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Бүгін сол қамқорлыққа мұқтаж болған жанға "Қайырымды жандар " еріктілер тобының мүшелері қолдарынан келген көмекті жасады. Гүлжахан апай 5 баланы тəрбиелеп отырған ана . Екі кішкентай егіз баласы бар. Өздері сондай тəтті. Жалға алған екі бөлмелі үйде тұрады. Үйдің жағдайы мəз емес. Балалары кішкентай болған соң үйін əктеп, тазалауға мүмкіндігі болмағаны байқалады. Біздің міндетіміз сол үйді жинастырып, тазалап беру болды. Еш қиналмастан 5-6 сағаттың ішінде ойға алған істі аяқтадық. Гүлжахан апайға ендігі уақытта үйін таза ұстап отыруын жақсылап ескертіп айтып та кеттік." Иə сіздерге рақмет! Күйзелістен енді арылып, өз-өзіме келіп жатырмын Бүгін балаларым таза жерде ұйықтайтын болды"- деп көзіне жас алды. Жұмысымызды аяқтап кетіп бара жатсақ Гүлжахан апайдың 5 жасар кішкентай қызы:" Тəте сіздер жыламаңыздар"-дейді. Кішкентайларымыз жыламасыншы. Достар мен мұны мақтану үшін жазып отырған жоқпын. Жақсылық жасауға ұмтылатын өзім сияқты жастардың барына қуанып жаздым.«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген бар емес пе. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылайық.