Жақсы мінез жан сұлулығы

Көркем мінезді болу үшін білім алу, әдептілікті үйрену, жақсы адамдармен достық құру керек. Жаман мінез мұның терісі. Яғни сауатсыз қалу, әдепсіз болу, жаман адамдармен достық құрудан пайда болады.

Жақсы мінез – жылы жүзді болу, күлімдеп жүру, жомарт болу және ешкімді ренжітпеу деген сөз. Жақсы мінезді болудың белгілері мыналар: Ынсапты болу, барлық адамдар туралы жақсы ойда болу, жаман ойда болудан сақтану, достарынан келетін қиыншылықтарға төзу, ешкімге шағымданбау, үнемі өзінің кемшіліктерімен әуре болу, өз нәпсін жазғыру, күлімдеп, жылы жүзді болып, бәрімен жұмсақ сөйлесу.

Осы қасиеттерден бөлек борыш пен жауапкершілік – бұл адамның әке-шеше, үй-ішіне  қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып түсіну, сондай-ақ, осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады.Сондай-ақ,оның биік дәрежесі, ауыл алдындағы,ру алдындағы, ұлт алдындағы,Отан алдындағы өз міндетін қалай орындап,қайтып сенім мен үмітін ақтау,жету сияқты өршіл талаптар жатады.Ар-ұят – халқымыз «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп арды жаннан да қымбат есептейді.Ұят – адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың жотасы. Бұл жан толғаныстар арқылы бет-бейнеден, инабатты іс-әрекеттерден байқалады. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деп халық ұятсыздықтың негізі қанағатсыздық, ұрлық, мақтаншақтық, өтірік айту, адамгершілік қалыпты бұзу деп есептейді.Адалдық пен шыншылдық – адал адам шынайы да, шыншыл адам. Адалдық сөздің таным мен сенімге ұштасуы,оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Адал да шыншыл, әділетті болу- еңбекпен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікке тиянақты болу деген сөз.  Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.Достыққа байланысты Шал ақын «Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас» деп бейнелейді. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де еш құдірет те кірлете алмайды. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше, құдай ұрды дей бер. Егер шын дос табылса мал-басыңды соның жолында құрбан ет. «Досыңның кішкене сыйын көптей көр, досыңа қанша көп берсең де аздай көр» дейді сөз зергері Машһүр Жүсіп.Адам бойындағы асыл қасиеттер-кісіліктің туындап қалыптасуының құнары.



Бөлісу: