Жақсы адам мен жаман адам

Жақсы адам мен жаман адам
жеке
блог

Адамның жақсысы да,жаманы да болмайды.

Бұл тұрғыдағы ең негізі нəрсе -  адамның  өзгелерден ерекшелене білуі,

 өзін басқаларға таныта,мойындата  алуы,əр кездегі істеген іс-əрекетінің дұрыстығы. 

Санасының адамгершілік деңгейде болуы,көпшілік ортада өзін дұрыс  ұстай білуімен

дұрыс сөйлеуі,өзіне тəн ерекше қабілетін дамыта алуы болып табылады.


Бұл қасиеттерді  өз бойыңда жетілдіру үшін не істеу керек? 

Əрқашан ар-намысыңды сақтай білу.

Өзіңді ғана емес өзгелерді де ойлау.

Үнемі жақсылық жасауға ұмтылу,əр жағыдайда былай ойлау:

"Менің орнымда жақсы адам болса не істер еді, ал пасық, жаман адам болса ше?"

Өзіңді тəртіпке бағындыруға,жұртпен санаса білуге,кез келген нəрсені заңмен істеуге тырысу. 

 

Өзіңді тəрбиелеуге арналған ішкі ойлар тізбегі:

Менің де басқалар сияқты кемшіліктерім бар,оны жасырмаймын,

бірақ үнемі өзімді жетілдіруге, тəрбиелеуге тырысамын. 

Əрқашан өзімдікі дұрыс деп те,ел не дейді деп те өмір сүрмеймін,

өзім іштей саралап,осылай істеген дұрыс-ау деп шешкенімді істеймін .

Мені біреулер мойындамады деп ренжімеймін,

мені өз бойымдағы кемшіліктерім ойландырады.