Еліміз тәуелсіздіккі қол жеткізгелі бері көптеген қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы пікірлер 1926-1929 жылдардан бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі-қазіргі заманның бірден-бір талабы.
"Латын әліпбиіне көшу барысында біз не ұтамыз?", "Латын әліпбиіне бізге не береді?" деген сұрақтың туындауы заңдылық деп ойлаймын.
Елбасының латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі,біріншіден,латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Ақпарат кеңістігіне, яғни қазақ тіліне компьютерлік және технологиялар арқылы енуге жол ашады. Мысалы, қарапайым ұялы телефондардың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ол кириллицада қазақша шрифтті тере алмай қаламыз. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең. Екншіден, ақпараттарға сәйкес, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.Өзге мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір көне түркі дүниесі негізінен болашақта латынға көшеді деген болжам бар. Бүгінде әлемде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80% латын әліпбиін қолданады. Егер латынға көшсек,қандастырымызбен ынтымақтастығымыз жарасатыны сөзсіз. Үшіншіден, жастардың көбі ағылшын тілін меңгерген. Әлеуметтік желілерде ағылшынша жазатын жастардың саны күннен күнге артуда. Латын әліпбиі ұқсас болғанедықтан,көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін
Бұрын еліміздің латын әліпбиін қолданғанын тарихтан біз білеміз. Сол кездегі ақын-жазушылардыңмкөптеген туындылары, ғылыми деректер латын тілінде жазылған. Кейіннен кириллицаға көшкенде көптеген дүниелер аударылмай қалып қойған. Егер латын әліпбиіне көшсек,сол құнды дүниелерді түп нұсқада оқи аламыз деген үміт жоқ емес.
Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам,латын әліпбиіне көшу соншалық қиындық тудырмайды.
Латын әліпбиі біздің,жастардың,болашығына тиімді. Шет мемлекеттермен байланысқа түсуге,олармен бәсекелесуге жол ашады.Біздің мақсатымыз латын әліпбиіне көшу арқылы болашағымызды жарқын ету.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл"-деп бекер айтпаған. Екі қолды сыбанып нақты,нық қадаммен алға басайық!