Зайырлы мемлекет тұрғысында адамның дінді ұстанудан еркіндігі бар. Қазақстан да осы зайырлы мемлекеттердің қатарында. Осы қоғамда орын алар мәселелер мен рухани құндылыққа, дәстүр мен мәдениетімізге ислам дінінің берер әсерін зерттеу жауапкершілігі бар. Исламтану мамандығы осы замандағы діни құқық пен қоғам-саяси құндылықтарды ажырату мақсатында үлкен рөл атқарады. Исламтанушы мұсылмандық сенім-таным мəселелерімен, діни-саяси қозғалыстарды оқып-үйренумен шұғылданады. Әлемдік аренада да басты мәселердің бірі болып келе жатқан діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу үшін де исламтанушы мамандардың керек екені сөзсіз. Мемлекеттің діни жағдайын тұрақтандыру дін мен саясатты тереңінен зерттеген және қоғамдағы осы салалардағы мәселелерді шешуге ұмтылушы мамандарды дайындаумен реттеледі. Исламтанушы мамандарды дайындау мемлекеттегі тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен тарихымыз бен салт дәстүріміз ислам дінімен ұштасқан. Оны толықтай жоққа шығару менталитетімізден айырады. Исламтану мамандығы осы балансты сақтау үшін керек.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰу да Исламтану мамандығының ашылғанына биыл 4 жыл болды. Жоғары білімді мамандар дайындау үшін жан жақты жағдай жасалынып келеді. Университет қабырғасында жоғары білімді оқытушылар мен жүйеленген оқыту бағдарламасы арқылы білім берілуде. Ислам дінінің тарихынан бастап араб тіліне дейін үйретіледі. Қазіргі қоғамдағы діни мәселелерді шешу Исламтанушы мамандарға да тікелей қатысты. Сондықтан да тек ислам дінінің тарихымен шектелмейтін оқыту жүйесі бекітілген.
Исламтану мамандығының қажеттілігі күннен күнге артуда. Әртүрлі діни ағымдардың көбеюі, экстремистік шабуылдардың күн санап артуы қоғамның негізгі мәселесіне айналуда. Бұл тұста исламтанушылардың қатысуынсыз шешім болмайтыны анық. Демек, деструктивті діни ағымдардың таралуына тағы бір тосқауыл ретінде исламтану мамандарын айтуға болады. Исламтанушы маман - діни Қазақстанның болашағы.
Исамтану 3 курс студенттері - Асан Нуриддин және Исабекова Диана
Жетекші - Абдуллаев Нуржан Кыдыралиев