ИСЛАМ ДІНІНІҢ БАСҚА ДІНДЕРДЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?»
блог
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Философия және Саясаттану факультетінің Дінтану мамандығының 1 курс студенті
Қойшыбек Б. Е.
Жетекшісі аға оқытушы Тунгатова У. А.
Ислам – жұмбақ пен мифологияға негізделген дін емес. Оның ілімі ырымшылдықтан ада, қарапайым санаға қайшы келмейді; ол қолжетімді және қарапайым. Алланың бірлігі, Мұхаммедтің пайғамбарлығы және өлімнен кейінгі өмір идеясы исламның негізгі пункттері болып табылады. Ислам дініңде түсініксіз ештеңе жоқ. Яғни, исламда барлығы логикалық, орынды, түсінікті және ашық. Исламда діни қызметкерлер иерархиясы, абстрактілі ұғымдар және рәсімдер мен ритуалдар жоқ.
Исламның негізгі киелі кітабы – Құран. Құранның басқа сенімдегілер мен сенбейтіндер үшін ешқандай киесі жоқ. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Құран кез келген адам үшін қолжетімді. Оны кез келген адам оқып, жазылғанын жасай алады. Ислам адамның санасын оятады, нәрселерді сол қалпында көруге шақырады, сонымен қатар Ислам діні бойынша адам білуге, білімге ұмтылуы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде осы туралы былай деген:
«Білім іздеу – әрбір мұсылманның парызы» (Ибн Мажа, әл-Бәйһақи).
Енді бір хадисінде Пайғамбар «Кімде-кім білім іздеу жолына бел буса, оның беталысын Тәңірдің өзі жұмаққа қарай бұрады» ,-деген.
Осылайша, Ислам адамды ырымдардың қараңғы әлемінен нұрлы білім әлеміне шығарады.
Ислам діні тек теориямен ғана шектелмейді. Ол сенім тек сенімнің мәлімдемесі емес, шынайы өмір салты екенін айтадыжәне адамның иманы оның құзіретті істерімен расталуы керек. Сондықтан Ислам да практикалық дін.
Ислам – өмір салтын зайырлы және рухани деп бөлмейтін дінжәне адамгершілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, адамды өзінің болмысында болуға шақырады. Жетістікке жету үшін адам аскетке (ол моральдік немесе діни мұратқа жету мақсатында «денені жансыздандыру», жер бетіндегі жақсылық атаулыдан бас тарту арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруда ұстамдық таныту.) айналмай, моральдық және материалды біріктіруі керек. Ал біржақты діндер мен сенімдердің кінәсінен адамзат жеткілікті түрде зардап шекті. Кейбіреулер рухани жағына мән беріп, материалдық жағын жоққа шығарады. Олардың көзқарасындағы дүние тек елес, алдау, тұзақ болды. Басқалары – материалдық идеологияны ұстанушылар – керісінше өмірдің рухани жағын иллюзорлық нәрсе ретінде жоққа шығарады. Мұндай идеялар, діндер, сенімдер адамдарды тыныштықтан, қанағаттанушылықтан алыстатады.
Тіпті бүгінгі күні тепе-теңдіктің бұзылуы байқалады. Француз ғалымы Де Брогби осы әлемдегі тепе-теңдіктің бұзылуы жөнінде былай деген:
«Тым интенсивті материалдық цивилизация ең алдымен өзіне зиян тигізеді, егер рухани өмір қатар дамып, дұрыс тепе-теңдікті қамтамасыз етпесе».
Ислам – өмір салты. Ислам – бұл сөздің кәдімгі мағынасында жай ғана дін емес, ол адам өмірінің барлық саласына әсер ететін тұтас өмір салты: жеке және әлеуметтік, материалдық және моральдық, экономикалық, саяси, мәдени, құқықтық, халықаралық. Ал Құран Исламды толығымен қабылдап, өмірдің барлық саласында Алланың нұсқауларын орындауға шақырады.
Ислам дінініңдегі тұлға мен қоғам тепе-теңдігі туралы айта кетсек, Ислам жеке адамның мүддесін қоғам мүддесінен жоғары қоймайды, олардың арасында тепе-теңдікті орнатады. Ислам діні бойынша әр адам жеке тұлға және әркім өз ісі үшін Раббысының алдында жауап береді. Ислам адам құқығын қорғайды. Жеке тұлғаны дұрыс тәрбиелеу – Исламдағы тәрбие саясатының басты мақсаттарының бірі. Яғни, Ислам қоғамда немесе мемлекетте адамның даралығын жоғалту керек деген көзқарасты қолдамайды. Исламда барлық адамдар түсіне, тіліне, ұлтына қарамастан тең. Ол нәсіл, мәртебе, байлықтарына қарамай, адам санасына жүгінеді. Ислам мұндай адамдар арасындағы статаустарды жойып, барлық адамдарды Алланың тең жаратылысы деп жариялайды, осылайша адамзатты бір тудың астына біріктіруге тырысады.
Қорытындылай айтатын болсақ, Ислам - Aлла тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті әрі соңғы пайғамбарыжіберген ең соңғы діні. Ол адам баласына осы дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруге жетелейтін қағидалар жиынтығы.Өкінішке орай, бүгінде дін сөзі адамның жеке өмірінен шықпайтын нәрсені білдіру үшін қолданылады. Бұл қандай да бір түрде мәдени немесе әлеуметтік рөл атқара алады деп ешкім ойламайды. Дәл осы қабылдау, бәлкім, дінге ең зиянын тигізеді. Заманауи философтың сөзімен айтсақ: «Ислам діні басқа да әлемдік діндер және мұндай түсінуді мүлде жоққа шығарып, оның негізгі міндетін: жанды тазарту мен қоғамды өзгертуді нақты белгілейді». Ислам мен Индуизм, буддизм, конфуцийшілдік және басқа да діндер айырмашылығы тағы даайта кетсем, олар Исламға «зұлымдық жасамау, тағдырға сену, әке-шешеге құрмет көрсету» мәселелерінде ұқсағанымен, олардың өкілдері шариғат бойынша көпқұдайшы-мушриктер ретінде саналады, себебі индуизм сенімі бойынша олардың пұттары «бір құдайдың әртүрлі көріністері» саналғанмен, шариғат бойынша бұл ширк — Аллаһтан басқаға құлшылық саналады. Сонымен қатар олар Ақырет күнін, Аллаһтың алдындағы есепті жоққа шығарып, кейбіреулері реинкарнацияға сеніп, жанның мәңгі-бақи бір денеден бір денеге көшуіне сенеді. Ал буддизм діні әу баста атеисттік сипаттағы құдайды мойындамайтын дін болғанымен, уақыт өте Будданың өзі құдайға айналды. Конфуций ілімі мен синтоизм де тау-тастарды пұт қылып, ата-баба әруақтарына сиынуды дұрыс санайды. Шариғат бойынша бұл діндегілердің сойған еті харам және бұларға ұқсап-бағуға, мейрамдарын тойлауға, бұлардың жолын дұрыс санап, оларды сүюге тыйым салынған.