Қалыпты жанұялық жəне қоғамдық өмірдің аса маңызды
алғышарттарының бірі- қоғамда қабылданған моральдық ережелерді
бұлжытпай орындау,атап айтқанда: айналадағы адамдардың бəрімен
тіл табысуға тырысу, қайда болсын кіммен болсын мүмкіндігінше
адамгершілік қатынас орнату, бейбіт өмір сүру, имандылық сақтау,
үлкен-кішіні құрметтеу,өзіңді сабырлы да жайбырақат ұстау жəне инабатты болу.
Сонымен бірге ар-абыройыңды сақтау. Ұрпағыңның ,сенің бұрынғыңмен бүгінің үшін
ешкімнен ұялмайтындай болғаны жөн яғни ар тазалығы басты нəрсе болу керек .