Икигай - өмірін мәнді әрі сәнді болсын!

Икигай - өмірін мәнді әрі сәнді болсын!
жеке
блог

Өз икигайыңды қалай табу керек?

Өмірдегі өз ісіңді табу сізден өте көп күш пен уақытты жұмсауды талап етеді. Сізге күрделі шешімдер қабылдап, едәуір қиыншылықтан өтуге тура келеді. Өкінішке орай, көп адамдар осыныс кеш түсініп жатады. Мүмкіндігінше ерте әрекет етсеңіз, өмірден де мүмкіндігінше көп ләззат аласыз. Өзіңізді табуда көмек ретінде келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

— ЖЕТІСТІКТЕР. Өміріңіздегі қандай жетістіктеріңізді ең құнды деп санайсыз? Мақтан тұтатын істеріңізді парақ бетін түсіріп, жазып жүріңіз. Бұл дұрыс жолдан адаспауға көмектесіп, болашаққа күш береді.

— БІЛІМ. Сіздің біліміңіз бен білігіңіз неде? Өзіңізді қай саланың маманы ретінде санайсыз? Қай салада өзгелерге еш күмәнсіз кеңес бере аламын деп ойлайсыз? Ол салаңыздың өмірдегі маңыздылығы қаншалықты? Кітаптар оқисыз ба? Қандай кітаптар оқисыз? Қандай сайттарға жиі кіресіз? Ішінде ақпараттық-танымдық сайттар бар ма?

— СЕЗІМДЕР. Өзіңіз жақсы білетін салада жұмыс істеу, мәнсап қана. Бақытты болу үшін, сол істі сүю керек. Сол жұмыс Сізге ішкі қанағаттану мен рақат сыйлауы тиіс. Мейлі, танымалдылық, миллиондар, іскерлік жетістіктер болмаса да. Жүрегіңіз қалайтын дүниені істеп жүрсіз бе?

— ӨЗІН ӨЗІ БАҒАЛАУ. Соңғы рет қашан армандадыңыз? Кішкентай кезіңізде кім болғыңыз келетін еді? Неге? Осы заттарды түсіну, болашақ өзгерістер жасалатын платформаны құрады.

— ТҰЛҒА. Әлемде ұқсас адамдар бар, бірақ бірдейі жоқ. Әр адам тұлға болуы керек. Әр тұлғаға өзіндік ерекше іс керек. Бір адам бір істен ләззат алса, екінші оны түсінбеуі де мүмкін.

Жоғарыда аталған көрсеткіштерді терең ойлау, өмірідң мәнін анықтауда көп затқа көзіңізді ашады.