Гендерлік саясатқа көзқарасыңыз қандай?

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі де бірегейі әлемдегі ерлер мен әйелдер теңдігі болып отыр. Бүл тұста мұсылман дініне бекінген азаматтар әйелдердің саясатқа арласқанына үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Бір жағынан қарасақ ,батыста әйелге табыну Исаның(ғ.с.) анасы Мәриямға "Құдай ана" деп ат қойып, әйелге тағзым еткеннен басталған . 

Табиғат заңдылығынан қарасақ та әйелдерден еркектерді бір саты жоғары деп есептейді. Ал, менің ойымша әйел адамның кей сәттерде саясат пен билікке араласып тұрғаны да жөн. Себебі, еркек бас ,әйел мойын екенін ескерсек , еркекке шешім қабылдауға бағыт-бағдар беруші де әйел болмақ.        
      Бір қолымен әлемді , бір қолымен бесікті тербеткен аналарымыз әрқашан да дұрыс шешімді қабылдай алады. Алып анадан тумақшы, бар әлемге жан бітіріп , тәрбие мен білімге де сусындатқан аналарымыз екені хақ. Бұл шақта ешкімнің де талас тудырмасы анық. Ендеше, әйелдер мен еркектер теңдігі де орнау керек дегім келеді. Қазаққа қанынан сіңген менталитет көп қыздың аяғына тұсау салып отыр. Көпке топырақ шашудың да қажеті жоқ . Дінімізде осы менталитетті өздеріне ұран еткен ер азаматтарымыз әйелдерді күштеп намазға жығып ,үйдегі ошақ басына қолына сыпырғысын ұстатып, жібермей отыр.
Ал сіз, бұл сұраққа қалай жауап берер едіңіз ?


Бөлісу: