Ғашықтық сөздері

Ғашықтық сөздері
жеке
блог

Азар салды жаныңа
әдемілеп,өрнектеп,
Өтірігімен торға түстің
Ойламадың  өрнек деп.
Өмір деген қатал екен,
Сезім деген бір мектеп.
Алдамшы да,шынайы да
Кезігеді сапарда,
Жаныңды келіп жылытатын
Пенде болар жапанда.
Жалғыздық дертін емдейтін
Күллі әлемге теңейтін,
Бақыр басын тігіп бәйгеге,
Семсерін сен үшін сермейтін.
Жаныңның жарасы жеңілдеп,
"Махаббатқа жаным жеңіл" деп
"Өмірдің мәні-өзің" деп,
"Көңілдің нәрі-көзің" деп,
Құлаққа жаққан майдайын,
"Асылым,артық сөзің" деп,
"Сезімге қажет-төзім "деп,
Қайт кеп "кеш,күнім" деп,
"Сағынғам сенің үнің" деп,
"Ойлаумен өткен түнім" деп,
Шер мұңын,қаяуын тарқатар,
Сені де іздейтін адам бар.
Болашақ бағына сендерді,
Апарар алтыннан қадамдар.

Сезіммен сан қалам сыр шерткен,
Махаббат -таусылмас жыр екен.