Ғаламтор жұлдыздары
жеке
блог
блог
Армысыздар, Қазақ елі! Бүгінгі менің қозғағалы отырған тақырыбым қазіргі кезде Қазақстанда кең танылып жүрген ғаламтор жұлдыздарына арналады.
Кешкісін ауылдың бір шетінде "шайтанның суына" тойып алып,аузына келіп түскен барлық әріптен өлең құраған адам, сол Сайлаубек қазіргі танымал жұлдыздардың тойларында ән шырқап жүр. Оны ән деп те, айтуға болмайды да. Роза Рымбаевамен бір сахнада өнер көрсету үшін бір ғана ролик жеткілікті боп қалды ма?! Сөйтсек, Сайлаубек 10-сынып оқып жүрген кезінде басынан соққы алған екен. Бірақ отбасы барлығы оқыған-тоқыған кісілер екен.Үй-іші бұлай ән салуына қарсы, бірақ Сайлаубектің өзі мұны қалайды екен. Мұндай "жетістікке" Сайлаубектің өзі жетті деп айтсақ та болады. Қасындағы жолдастары видеоролик салып,инстаграмға тіркеп, Сайлаубекті барлық қырынан танытып жүр. Қалай ойлайсыздар бұл іс-әрекеттері дұрыс па, әлде бұрыс па? Бораттан әрең құтылып едік,енді міне Сайлаубек. Бұл Қазақстанды кейін шегіндірмей ме? Қазақстан басқа қырынан танылып кетпей ме? Міне, мені осы сұрақ мазалайды...